ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығы негізінде жаңа форматта өткізіліп жатыр. Барлық деңгейдегі әкімдер жыл бойы халықпен кездесулер өткізіп, жиын барысында халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерді тыңдайды.
Осыған орай ағымдағы жылдың 4 шілде күні, Майлыкент ауылдық округіне қарасты Бақыбек ауылындағы «Кезең» бастауыш мектебінің ауласында, ауыл әкімінің м.у.а. А.Шынгисбеков ауыл тұрғындарымен кездесті.
Кездесуге ардагерлер, ауыл ақсақалдары, зиялы қауым, қоғам белсенділері қатысты. Халықпен кездесуде ауыл әкімі «Округіміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2023 жылдың IІ-тоқсанында атқарылған және алдағы уақытта атқарылатын жұмыстары» туралы баяндамасын жасады.
Кездесу барысында қойылған сұрақтарға ауыл әкімі және тиісті сала мамандары жауап беріп, көтерілген мәселелердің шешу жолдары мен орындалу кезеңі жайында айтып өтті. Тұрғындардың өтініштерін тыңдап, кездесу аяқталған соң ауыл тұрғындарының мәселесін дер кезінде шешу мақсатында бақылауға алып, сала мамандарына тапсырма берілді.