БИЛІК БҰҚАРАҒА БАРЫНША ЖАҚЫН БОЛУЫ КЕРЕК.

БИЛІК БҰҚАРАҒА БАРЫНША ЖАҚЫН БОЛУЫ КЕРЕК.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы – бұл ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауына арқау болған бағыттардың бірі.
Қалың елдің жүрегіне жол табу да оңай емес. Билік бұқараға барынша жақын болуы керек. Шенеуніктер алдына келген адамға шекесінен қарамай, қайта мәселесін шешіп беруге ұмтылуы тиіс. Президент Жолдауында айтылған пікірді міне, осы екі ауыз сөзге сыйдыруға болады. Бізді қуантатыны, айтылған сөз іс жүзінде де жүзеге асып жатыр. Оған дәлел бүгінгі өткізілген қоғамдық қабылдау.
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қырықбаев Темір Базарбайұлы қоғамдық қабылдау өткізіп, Қазығұрт ауданының тұрғындарының өтінішіне құлақ түрді. Қабылдауға аудан әкімі Азизхан Әзімханұлы, Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Тұрғанбек Үсенбекұлы, Түркістан облыстық мәслихат депуататы Н.Әшіров, Аудандық партия төрағасы Есімхан Ешенқұлұлы және жауапты бөлім басшылары қатысты.
Халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасын іске асыруды көздеген халық қалаулылары мен билік өкілдері 20 дан астам тұрғындардың мәселесін тыңдап, айтылған өтініштерді бақылауға алып тиісті жұмыстар жүргізетінін айтты.
Атап айтар болсақ, Қ.Сатпаев орыс мектебінің ата-аналары мен мүғалімдері Қ.Сатпаев орыс мектебінің қосымша ғимаратының бұзылуына қарсылық білдіруде. Бұзылған ғимарат орнына жаңа мектеп салынуына ықпал етуді сұранды.
Нәтижесінде: Көтерілген өтініш бойынша, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Темір Базарбайұлы аталған өтінішті зеріттейтінін, егер заңсыздықтар орын алған жағдайда тиісті құзырлы органдарға жүгініп мәселенің шешімін табуға көмек беретінін айтып өтті. Одан бөлек, Қазығұрт аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің міндетін уақытша атқарушы А.Егізекова оқушылар Қ.Сатпаев мектеп-лицейінің негізгі ғимаратына көшірілетіні, мұғалімдердің сағатсыз қалмайтыны, негізгі ғимараттан сынып кабинеттері толық берілетіні түсіндірілді.
Қазығұрт ауылының тұрғыны А.Төлтаева ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Т.Қырықбаевқа мүмкіндігі шектеулі балаларға "Балаларды қорғау" мерекесіне орай ұйымдастырған шараға демеушілік жасап, қуаныш сыйлағаны үшін алғыс білдірді.
Сондай-ақ қабылдау барысында, ауданның инфрақұрылымына қатысты өзекті мәселелер мен ауыл шаруашылығына қатысты ұсыныстар көтерілді. Айта кетейік, қабылдау барысында айтылған өтініштер ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты мен Қазығұрт ауданының әкімінің тікелей бақылауында.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлайды No-comment.kz - ...

30 жасқа толған, заң саласында жоғары білімі және кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар Қазақстан азаматы судья бола алады. Қазіргі уақытта судья лауазымына конкурстық іріктеу...