“ЖАС КӘСІПКЕРМЕН” СҰХБАТ АЙДАРЫ ӨТТІ

“ЖАС КӘСІПКЕРМЕН” СҰХБАТ АЙДАРЫ ӨТТІ

Абай ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Шымкент қаласының дамуына үлес қосып жүрген, “PURELIFE” тұрмыстық химиялық заттарын өндіруші Ердаулет Маратұлымен сұхбат өтті.
Ол - күнделікті қолданыстағы тұрмыстық химия өндіріміндегі сабын, ыдыс жууға арналған заттар мен сусабын өндіреді.
Бастапқыда кәсібін жандандыруға деген қорқынышы басым болған Ердаулет, мемлекеттік бағдарлама көмегіне жүгініп, бүгінде жас кәсіпкер атанған.
- Елімізде отандық өнімдердің басымдық танытып, сұранысқа ие болуы үшін әрбір қазақстандықтың еңбек күші басым болу керек. Осы орайда, көп ойлана келе Шымкент қаласында тұрмыстық химиялық заттарын шығарып, еліміздің нарығында ғана емес, шетелдерде де сұранысқа ие зат болуын көздедім. Әрине, бастапқыда кәсіп ашу оңай болмады. Бірақ, барлық қиыншылықты еңсеріп шықтым, - деді жас кәсіпкер.
Еске сала кетейік, жастарға жеңілдетілген шағын несие беру жұмыстары жалғасуда. Жас кәсіпкерлер 5 миллион теңгеге дейінгі несиені , мал шаруашылығы жобалары үшін – 7 жылға дейін, кәсіптің басқа түрлері үшін – 5 жылға дейінгі мерзіммен ала алады. Номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5 %.
Шымкентте жалпы өңірлік өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесі 34 пайызды құрайды. 69 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектісінде 163 мыңнан аса адам жұмыс істейді.
2025 жылға дейін шағын және орта бизнес субъектілерінің санын 100 мың бірлікке дейін, шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандар санын 190 мың адамға дейін, өңірлік өнімдегі үлесін 40 пайызға дейін жеткізу жоспарлануда деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Ол үшін осы жылы «Бизнестің жол картасы 2025» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламалары аясында бөлінетін қаржыны 2 есеге ұлғайтып, 6,9 млрд.теңге бағытталды. 2025 жылға қарай бағдарлама шеңберінде бөлінетін қаражат көлемін 25 млрд. теңгеге дейін ұлғайту мақсат етілген.
Ал, «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында 55 жобаға 816,1 млн. теңге бөлінді. Шағын және орта бизнеске екінші деңгейлі банкттер тарапынан 17,8 млрд.теңге несие берілді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлайды No-comment.kz - ...

30 жасқа толған, заң саласында жоғары білімі және кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар Қазақстан азаматы судья бола алады. Қазіргі уақытта судья лауазымына конкурстық іріктеу...