МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ – МАҢЫЗДЫ ІС

МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ – МАҢЫЗДЫ ІС

Мамандық таңдау деген өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау. «Адам екі түрлі жағдайда қателеспеу керек: бірі - жар таңдағанда, екіншісі - мамандық таңдағанда» деп бекер айтпаса керек. Осы нақыл сөздерді негізге ала отырып таяуда ғана қаламыздың іргесінде орналасқан «Арман-М school» мектебінде «Оқушылардың мамандық таңдауында бейіндік оқытудың маңызы» тақырыбында үлкен әдістемелік- практикалық семинар болып өтті. Семинардың тартымды өткендігі соншалық, қонақтарды қарсы алуынан бастап, музикалық әуенмен, түрлі түсті көрмелері, мектеп жетістіктері, оркестрі арқылы өзіне баурап алды.
Семинарды қалалық білім бөлімі әдіскері Гүлжазира Аметова ашып, келген қонақтарды бағдарламамен таныстырды. Семинар барысында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Садулла Шерметов пен бастауыш сынып мұғалімі Гульмира Абдураззакова «Мамандық таңдау - өміріңнің кірпішін дұрыс қалау» тақырыбында бітіруші түлектермен қаламыздағы жеке кәсіпкерлер және мамандық таңдау бойынша арнайы мамандармен кездесу ұйымдастырды. Кездесу «Ойталқы» ток-шоуы түрінде ұйымдастырылып, келген қонақтардың берген кеңестері, оқушылардың сұрақтары арқылы орта пікірлер алаңына айналды. Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сардор Абдураимов «Арманы бөлек - таңдауы басқа» тақырыбында жеке кәсіпкерлермен кездесу ұйымдастырды. Тартымды өткен семинар үздік ашық сабақтармен жалғасты. Химия пәні мұғалімі Солиева Динара «Қышқылдар» тақырыбында 8-сынып оқушыларымен жаңа технология элементтерінен тиімді пайдаланып үлгілі сабақ көрсетті. Физика пәні мұғалімі Маменова Хилола «Күш» тақырыбында 7-сынып оқушыларымен жаңаша үлгіде ашық сабағын қонақтарға тарту етті. Зулхая Баганованың «Мамандақ таңдаудың бір жолы - кәсіби бағдар беру» тақырыбындағы шебер сыныбы келген қонақтардың көпшілігін тәнті етті. Онда өтілген әрбір элементтер мұғалімнің шебелігінің символы екендігін айтып өтті. Әрбір келген қонақтар жас түлектерге кеңестерін айтып, келешекте жақсы, елге пайдасы тигізетін маман иесі болуға тілек білдірді.
Ісшара Н.Төреқұлов атындағы №8 жалпы білім беретін мектебі директорының бейіндік оқыту бойынша орынбасары М.Кузиеваның баяндамасымен жалғасты. Жалпы семинар қорытындысы бойынша келген қонақтар семинардың жоғары деңгейде өткендігін айта келе, мектеп ұжымына үлкен алғыс білдірді. Және педагогика саласында жақсы істерімен көзге түскен мұғалімдерді қалалық білім бөлімінің мақтау қағазына ұсынды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы саласын дамыту, осы бағытқа инвестиция тарту, терең өңдеу ісін ширатып, су үнемдеу технологияларын енгізу...

Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұлттық компанияның былтыр атқарған жұмысы туралы есеп берілді, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап. «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма...