"LESSON STUDY" ӘДІСІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

"LESSON STUDY" ӘДІСІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Сарыағаш ауданының білім бөліміне қарасты әдістемелік кабинет меңгерушісі Р.Камалдин және бастауыш сыныбы бойынша әдіскер Ғ. Бұхарбаеваның ұйымдастыруымен №5 Ысмайлов атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Lesson Study зерттеу сабақтары - даму мен ілгерлеудің формуласы» тақырыбы аясында оқыту және тәжірбие алмасу семинары дөңгелек үстел түрінде ұйымдастырылды.
Оқыту семинарын ұйымдастырудағы басты мақсат - бастауыш пәні мұғалімдерінің кәсіби шығармашылығын дамыту мен оқу үдерісін жетілдіру, жан-жақты кәсіби белсенділігін арттыру.
Сөз басын әдістемелік кабинет меңгерушісі Р. Камалдин бастап, Жапония еліндегі біліктілігін шыңдаған озық тәжірибесімен, өзі меңгерген әдіс-тәсілдерімен бөлісті. Сонымен қатар Р. Камалдин Жапония еліндегі, шынайылық пен тазалыққа, тәрбие мен қарапайымдылыққа тәнті болғанын жеткізіп, мұндай сипаттағы құндылықтар елімізде де аса маңызға ие екенін тілге тиек етті.
Жапония еліндегі бастауыш мектептерде кең етек алған "Lesson Study" зерттеу әдісіне ерекше тоқталып өтті. Бұл әдіс жапон еліндегі сабақтарда ұдайы қолданылатынын, педагогтар тәжірибесінде оң нәтиже беріп жатқанын нақты дәлелдермен тізбектеп өтті. Оқытудағы аталмыш әдіс әлем елдерінің білім ошақтарында да көптеп қолданылады. Оқытудың бұл әдісін Жапония елі ұзақ жылдардан бері пайдаланып келе жатқанын айта отырып, оның тиімділігі мен мақсаты - мектеп мәдениетін де қалыптастыруына сеп болатынын атап көрсетті. Жапониядағы сабақтардың аса жоғары деңгейде ұйымдастырылуында "Lesson Study" әдісі бірден-бір көмекші құрал екендігі айтылды.
Семинар барысында аудан мектептерінде аталмыш әдіс-тәсілге зерттеу жұмысы жүргіліп жатқаны, бұдан әрі де оқу процесінде ұдайы жалғасын табатынына тоқталды. Оқытудағы жүйелілікті жандандыра отырып, нәтижелі жұмыс жасау керектігін тапсырды. Семинар барысында әдістемелік кабинет меңгерушісі Р.Камалдин "Lesson Study" әдісі тек бастауыш бастауыш сынып орынбасарларымен, бастауыш сыныппен ғана шектелмей, бұдан әрі тәжірибелі мұғалімдермен де жүргізу ләзім екендігіне тоқталды. Еңбек жолына қадам басқан жас мамандарға да кәсіби жетілуге тәжірибелі әдіскерлерімен бірлесе отырып, қауымдастық құрып, көмектесетінін жеткізді. Бұл бастама әрмен қарай басқа да пәндермен жалғасын табатынын айтып өтті.
"Lesson Study" әдісін бастауыш сынып ұстаздарының тәжірибесін дамытуға бағытталып өткізілген тағылымды семинар деуге әбден болады. Семинарға қатысушылар өздеріне қажетті кәсіби білімін жетілдіре отырып, құнды мағлұматтармен де таныс болды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы саласын дамыту, осы бағытқа инвестиция тарту, терең өңдеу ісін ширатып, су үнемдеу технологияларын енгізу...

Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұлттық компанияның былтыр атқарған жұмысы туралы есеп берілді, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап. «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма...