САРЫАҒАШТА ГЕОГРАФИЯ ПӘНІНЕН ШЕБЕРЛІК СЫНЫП САҒАТЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

САРЫАҒАШТА ГЕОГРАФИЯ ПӘНІНЕН ШЕБЕРЛІК СЫНЫП САҒАТЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Елімізде жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес, 30 қараша күні №3 Ломоносов атындағы жалпы білім беретін мектебінде Сарыағаш ауданы білім бөлімі тарих және география пәнінің әдіскері Ахметбаева Райгүлдің ұйымдастыруымен «Жаңартылған мазмұндағы мектеп географиясын оқытудағы геоақпараттық технологиялардың қолданбалы негіздері» атты тақырыпта Абай атындағы ҚазҰПУ-дың жас ғалымдары география пәні мұғалімдеріне арналған шеберлік сыныбын өткізді. Тәжірибелік сынып сағатына аудан көліміндегі 78 білім ұясынан 67 мұғалім қатысты.
Аталған шеберлік сыныптың мақсаты- жаңартылған мазмұндағы география оқулықтарында сандық геоақпараттық технологияларды қолдану арқылы орындалатын тапсырмаларды практика жүзінде тиімді ұйымдастыру жолдары, цифрлық сауаттылықтарын арттыра отырып, геоақпараттық ресурстарды білім беруде қолдану аясын кеңейту.
Нұрмағамбетұлы Жанболат, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 1-курс докторанты аталмыш тақырып аясында геоақпараттық технологияларды бірнеше сайттар арқылы өткізу мүмкіндіктерін көрсете отырып, пән мұғалімдерін тың ақпараттармен таныстырды. Шебер сыныпқа қатысқан мұғалімдер сертификаттармен марапатталды.
ГАЖ технологияларының қолдану арқылы орындалатын практикалық жұмыстарды жете меңгерген географтар ұйымдастырушылар мен спикерлерге алғысын жаудырып, тағы да шебер сынып сағаттары көптен ұйымдастырылса деген ұсыныстарын жеткізді.
Негізі адами ресурстарды даярлау және олардың сапасын жақсарту, мемлекет пен қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін Тәуелсіздік жылдары білім берудің жаңа модельдері қалыптасты.
Оның ең үлкен дәлелі ретінде "Білімді ұлт”сапалы білім беру" ұлттық жобасын келтіруге әбден болады. Бұл ең алдымен мемлекеттің экономикалық әрі әлеуметтік әлеуетін арттыру және дамыту үшін зор маңызды иеленеді. Оның төңірегінде Білім беру сапасын арттыру, оған ақпараттық және коммуникациялық технологияларды енгізу, біліктілікті жыл сайын арттыру сияқты шаралар жүзеге асырылды. Сонымен қатар оқу бағдарламаларын жаңарту әрі жаңғырту, мектептер мен университеттердің техникалық-материалдық базасын дұрыстау, педагогтердің кәсібилігін еселеу, ең бастысы мүмкіндігі шектеулі немесе ерекше балаларға білім беру кезіндегі қолжетімділік, демографиялық мәселелер қарастырылды. Осы тұста аталған жаңалықтарға және өзгерістерге сүйене отырып, мынадай болжам жасауға болады:
- Білім деңгейінің сапасын арттыру;
- Мемлекеттің орныққан әлеуметтіа және экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін соған қабілетті білім жүйесін қалыпқа келтіру;
- Инноаациялар және ғылыми-зерттеуді дамыту үшін жағдай жасау;
- Әлемдік еңбек нарығында білікті әрі табысты, бәсекеге толықтай қабілетті кадрларды даярлау.
Осы еңбектердің нәтижесінде ғылымға деген жас ғалымдардың құлшынысы көбейіп келеді. Жасы 35-ке дейінгі ғалымдар саны 2011 жылы 6,4 мың адамнан асты, ал 2020 жылы олардың саны 8,1 мың адамға дейін өскені соған дәлел.
Халықаралық рейтингтік басылымдарда жас ғалымдардың жарияланымдық белсенділігінің айтарлықтай артқаны ерекше байқалады. Мәселен, бүгін қазақстандық ғалымдардың Scopus дерекқорындағы жарияланымдар саны 2011 жылмен салыстырғанда 34 есеге (577-ден 19 879-ға дейін), Web of Science дерекқорында 59 есеге (425-тен 25 088-ге дейін) өскен. Соңғы бес жыл ішінде қазақстандық ғалымдардың әрбір бесінші мақаласы әлемнің ғылыми журналдарының ең атақтылар мен үздігіне басылып шықты.
Аталған әрі айтылған жаңалықтардың барлығына еліміздің білім жүйесіндегі жаңару мен жаңғыртуларға қаншалықты күш салып жатқанының белгісі ретінде қарауға болады. Бастысы - ниет әрі дұрыс бағдар керек. Жоспар бар жерде нәтиже бар.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы саласын дамыту, осы бағытқа инвестиция тарту, терең өңдеу ісін ширатып, су үнемдеу технологияларын енгізу...

Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұлттық компанияның былтыр атқарған жұмысы туралы есеп берілді, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап. «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма...