Қазақстанда көлікті жалған техникалық тексеруден өткізгені үшін айыппұл ұлғайтылмақ

Қазақстанда көлікті жалған техникалық тексеруден өткізгені үшін айыппұл ұлғайтылмақ
Елімізде автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30 айлық есептік көрсеткіштен 100 АЕК-ке дейін ұлғайту бөлігінде өзгерістер көзделген, деп хабарлайды NO-COMMENT.KZ.

ҚР көлік министрлігінің ақпаратынша, көлікті жалған техникалық тексеруден өткізудің салдары ақаулары бар көлік құралдарының жол қозғалысына жіберілуіне мүмкіндік беріп, кейін бұл жол-көлік оқиғаларына, оның ішінде соңы өлімге ұласатын оқыс оқиғалар деңгейінің өсуіне әкеп соғады.

"Құқық бұзушылық әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жылдың ішінде қайталап жасалса, техникалық тексеруден өткізетін оператор қызмет көрсету құқығынан 3 жылға дейінгі мерзімге айырылады." - дейді ҚР Көлік министрлігі баспасөз қызметі

Сондай-ақ аталған Заң жобасы шеңберінде автокөлікті техникалық тексеруден өткізетін операторлардың қызметіне қойылатын талаптарды күшейту көзделген.

Жоғарыда аталған өзгертулер мен толықтыруларды енгізу автокөлік құралдарын міндетті техникалық байқаудан өткізу сапасын жақсартуға және жосықсыз техникалық қарап тексеру операторларының санын 2 есеге қысқартуға мүмкіндік береді деп күтілуде. Айта кетерлігі, бүгінгі таңда нарықта 950-қа жуық оператор көлікті техникалық тексеруден өткізу бойынша қызмет көрсетеді.

Еске салайық, 2024 жылдың 3 мамырында Үлкен Алматы айналма автомобиль жолында (БАКАД) жол таңбасын жаңарту жұмыстары басталған болатын. Осыған байланысты кейбір жолақтарда қозғалысқа уақытша шектеулер енгізіледі. Жұмысты айдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Алматыда БҰҰ-ның Орталық Азиядағы жаһандық шарты Консультативтік комитетінің 3-ші отырысы өтіп жатыр. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара...

Астанада Қазақстан Үкіметінің басшысы Олжас Бектенов пен Малайзия Премьер-Министрі Ануар Ибрагим екі елдің бизнес-қоғамдастықтары мен ғылыми топтары өкілдерінің...