Шымкентте мұнай қалдықтарын өңдейтін кәсіпорындар ашылады

Шымкентте мұнай қалдықтарын өңдейтін кәсіпорындар ашылады

Шымкенттегі мұнай өңдеу зауытының маңында қосылған құны жоғары өндіріс және мұнай қалдықтарын қайта өңдеумен айналысатын кәсіпорындар ашылады, деп хабарлайды No-comment.kz ақпарат агенттігі.

2022 қыркүйек айында Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осындай тапсырма берген болатын.

Шымкент қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының мәліметтері бойынша Президент тапсырмасына сәйкес мұнай қалдықтарын шикізат ретінде қайта өңдеуге әлеуетті жобаларды анықтау және мұнай қалдықтарын шикізат ретінде қайта өңдейтін әлеуетті инвесторлар тізімін қалыптастыру барысында «Hill Resources», «Алмэкс Полимер» және «Эколайф Астана» серіктестіктерінің жобалары айқындалған.

Нақтырақ айтар болсақ, «Hill Resources» ЖШС-і негізгі майлар өндірісін қолға алмақ. Бұл жобаның инвестициялық құны 270 млрд. теңгені құрайды. Зауыттың қуаттылығы жылына 500 мың тонна мазутты қайта өңдеуге жетеді. Кәсіпорынның құрылысы 2023 басталып, 2026 жылы іске қосылады деп жоспарланған.

Ал, «Алмэкс Полимер» ЖШС-і ұнтақталған полипропилен өндірісін жолға қою үшін 38 млрд. теңге инвестиция құюға әзір. Аталған кәсіпорын 2025 жылы іске қосылған кезде жылына 80 мың тонна ұнтақталған полипропилен өндіретін болады.

Айта кетейік, «Эколайф Астана» компаниясы құрамында мұнайы бар және басқа да қалдықтарды кәдеге жаратуға бағытталған зауыт ашуды көздеп отыр.

Бұл жобалар аймақтың экономикалық дамуы үшін үлкен маңызға ие. Біріншіден, олар жаңа жұмыс орындарын ашады, бұл халықтың жұмыспен қамтылуына оң әсер етеді. Екіншіден, мұнай қалдықтарын қайта өңдеу өңірдегі экологиялық жағдайды жақсартуға ықпал ететін болады. Ақырында, қалдықтардан қосылған құны жоғары өнімдерді өндіру жергілікті компаниялардың кірістерін арттыруға және аймаққа қосымша инвестициялар тартуға мүмкіндік береді. Жаңа кәсіпорындар өнімділік пен өнім сапасының жоғары деңгейін қамтамасыз ететін озық технологияларды пайдаланады деп жоспарлануда. Осылайша, бұл жобаларды іске асыру Шымкент пен бүкіл елдің орнықты дамуы жолындағы маңызды қадам болмақ.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ директорлар кеңесінің отырысын өткізді, деп...

Ел аумағында 12 өңірді қамтитын 14 арнайы экономикалық аймақ жұмыс істейді. ОКҚ алаңында өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков АЭА...