Тұрғын-үй мәселесі: Шымкентте қалай шешілуде?

Тұрғын-үй мәселесі: Шымкентте қалай шешілуде?

​Еліміздегі ең өзекті проблемалардың бірі – тұрғын-үй мәселесі. Шымкент қаласында 50 мың адам тұрғын-үй кезегінде тұр. Оларды баспанамен қамту мәселесі қалай шешілмек? Мемлекет тарапынан қандай бағдарламалар ұсынылған? Олардың тиімділігі қандай? Осы сұрақтарға жауап іздеп көрелік.
​Шымкент қаласында кезекте тұрған 50 мың тұрғынның жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санаты бойынша – 1907, көп балалы отбасылар – 14 063, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы – 17 625, мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйым және әскери қызметшілер – 16 402, жалғыз тұрғын үйі апатты жағдайда деп танылған азаматтар – 22. Биыл үшінші мегаполисте мемлекеттік бағдарлама аясында 364 пәтер құрылысы жүргізіліп жатыр. Алдағы уақытта бұл көрсеткішті нарықтан сатып алу арқылы 1000 пәтерге жеткізу жоспарланған.
Құрылыс жұмыстарының аяқталуы және пәтерлердің коммуналдық тұрғын үй қорына өткізілуіне қарай кезектегі азаматтарға пәтер бөлінеді. Оның 449-ы – халықтың әлеуметтік осал тобына, 351-і – пәтер көпбалалы отбасыларға, 200-і – жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға беріледі.
Биыл жыл соңына дейін жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз 900 жалдамалы пәтер берілмек. Сонымен қатар биыл кезекте тұрған, әлеуметтік осал топ санатындағы 2274 жеңілдетілген «2-10-20», «5-10-20» бағдарламалары бойынша пәтер сату жоспарланған.
Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, жетім балалар; көп балалы аналар мен көп балалы отбасылар; І және ІІ топтағы мүгедектігі бар азаматтар; мүгедектігі бар бала бағып отырған немесе асырап отырған отбасыларға арналған «2-10-20» бағдарламасы бар. Ал, «5-10-20» бағдарламасы қалған кезекте тұрған барлық азаматқа, дәлірек айтқанда толық емес отбасы, мемлекеттік және бюджет қызметкерлеріне арналып жасалған.
Сонымен қатар 244 пәтер «Отбасы банк» арқылы ипотекамен берілді. Ал, тұрғын үй кезегіне тіркеле алмайтын шымкенттіктер үшін «Қамқор» өңірлік бағдарламасы іске қосылған. Оған жергілікті бюджеттен 5 млрд. теңге және «Отбасы банк» АҚ-дан 3 млрд. теңге – жалпы 8 млрд теңге бөлінген болатын. Биыл 400-ге жуық азамат несеи алмақ. Бұл бағдарлама бойынша 20 млн. теңгеге дейінгі несиені 6 пайыздық мөлшерлемемен, 10 пайыздық бастапқы жарнамен 25 жылға дейін рәсімдеуге болатынын айта кеткен жөн.

NO-COMMENT ақпарат

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ директорлар кеңесінің отырысын өткізді, деп...

Ел аумағында 12 өңірді қамтитын 14 арнайы экономикалық аймақ жұмыс істейді. ОКҚ алаңында өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков АЭА...