Шымкент қаласы ҚР ІІМ-нің Б. Момышұлы оқу орталығында әйелдерді зорлық зомбылықтан қорғау тақырыбында профилактикалық іс шара өтті, деп хабарлайды No-comment.kz ақпарат агенттігі.
Өздеріңіз білетіндей, өткен жылдың соңында Мемлекет басшысы Адам құқықтары мен Заң Үстемдігі саласындағы іс-қимыл жоспарын жарлықпен бекітті. Ол Жоспардың шеңберінде ІІМ-де тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөніндегі мамандандырылған бөлімше құрылады.
Осы жоспарда қылмыстық теріс қылықтарды тергеу рәсімін оңайлату көзделген.
Қазірдің өзінде біз қылмыстық құқық бұзушылықтардың жаңа нормаларына ден қою және тергеу алгоритмін әзірлеп жатырмыз, бұл ұрып-соғу, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру, кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипатта тиісу, суицидті насихаттау.
Сот белгілеген құқық бұзушының мінез-құлқына қойылатын ерекше талаптарды орындау тетігі пысықталуда.
Барлық өңірлерде өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларды анықтау бойынша ведомствоаралық мобильді топтар құрылды, олардың шеңберінде біз, әсіресе балаларға қатысты зорлық-зомбылық жағдайларын анықтауға баса назар аударамыз.
Білім министрлігімен бірлесіп кәмелетке толмағандарға қатысты буллингке ден қою алгоритмі пысықталуда.
Енді Қазақстанда әйелді ұрғаны үшін қандай жаза қолданылады?
(бұл жаңа нормалар әйел ғана емес кез келген азаматқа қатысты осы құқық бұзушылықтар жасалса қолданылады)
Ұрып-соғу (ҚР ҚК 109-1 бабы) - 80 АЕК-ке дейінгі айыппұл және түзету жұмыстары, 80 сағат қоғамдық жұмыстар, қамауға алу - 25 күн.
2-бөлігі бойынша - 200 АЕК-ке дейінгі айыппұл және түзету жұмыстары, 200 сағат қоғамдық жұмыстар, қамауға алу - 50 күн.
Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру (ҚР ҚК 108-1 бабы) - 200 АЕК-ке дейінгі айыппұл және түзету. жұмыстары, 200 сағат қоғамдық жұмыстар, қамауға алу - 50 күн.
2-бөлігі бойынша - 1000 АЕК-ке дейінгі айыппұл және түзету жұмыстары, 600 сағат қоғамдық жұмыстар, 2 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе осы мерзімге бас бостандығынан айыру.