5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында 1300 волонтер қызмет атқарады

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында 1300 волонтер қызмет атқарады

Наурыз айының соңында Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы жарыстарға билеттер сатыла бастады. Ересектерге арналған билеттердің құны 1000 теңгеден 15 000 теңгеге дейін құрайды. Ал билеттердің орташа бағасы - 3600 теңге. Зейнеткерлер мен мүмкүндігі шектеулі жандарға, оқушыларға жеңілдіктер мен арзандатылған бағалар қарастырылған. Бұл жайлы 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі Дирекция басшысының орынбасары Абылай Қондыбаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты, деп хабарлайды No-comment.kz - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі таңда Ойындар алдында волонтерлер белсенді жұмысқа кірісті. Ойындар кезінде Дирекция тарапынан 1300 волонтер қызмет атқарады. Волонтерлерден ойын алдында барлығы 4500-ден астам өтінім келіп түсті, оның ішінде Қырғызстан, Өзбекстан, АҚШ, Түркия, Германия, Франция, Испания, Корея, Түрікменстан және Гана Республикасынан ниеттілер кездесті. 

«Сондай-ақ Ойындарға әлемдік және қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарының қызығушылығы өте жоғары болды. БАҚ-қа арналған аккредитацияға жалпы 64 елден 1185 өтінім келіп түсті. Атап айтқанда, отандық журналистерден 815 өтінім, шетелдік БАҚ-тан 370 өтінім келді. Оның ішінде, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын жан-жақты насихаттау мақсатында 92 журналист және танымал блогерлер тіркелген. Олардың ішінде CNN, BBC, Euronews, CCTV сынды БАҚ өкілдері бар. Миллиондаған аудиториясы бар блогерлер де әлемдік жарысты насихаттаудан тыс қалған жоқ», – деді спикер.  

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу рәсімі кезінде 8 қыркүйек күні сағат 16:00-ден бастап «Қазмедиа орталығы» арнайы баспасөз орталығы жұмыс істейтін болады. Ол жерде ашылу салтанатынан тікелей эфир көрсетіледі. Сонымен қатар, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары барысында «Қазанат» ипподромында, Ж. Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында, «Алау» мұз айдынында арнайы баспасөз орталықтары жұмыс істейді. Этноауылда шағын пресс-орталық ретінде жабдықталған киіз үй болады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында маңызды мәселелердің бірі инфрақұрылымды ретке келтіру болатын. Бүгінде Түркістан...