5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жабылу салтанаты 13 қыркүйек күні Этноауылда өтеді

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жабылу салтанаты 13 қыркүйек күні Этноауылда өтеді
5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары барысында медициналық штабта 150 медициналық қызметкер жұмыс істейді. Сонымен қатар 23 ветеринар жарыс алаңында қызмет атқарады. Көшпенділер ойындарына шамамен 560 спорттық ат қатысады. Олардың 114-і – ұлттық құраманың барлық спорт түрлеріндегі аттары, 300-і – басқа елдерден аттарын әкелмеген қатысушылар үшін Дирекция жалға алған аттар. Қырғызстан, Моңғолия, Қытай Халық Республикасының қатысушылары да өз аттарын алып келеді. 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі дирекция басшысының орынбасары Абылай Қондыбаев ОКҚ алаңында осылай деді, деп хабарлайды No-comment.kz - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ