Қасым-Жомарт Тоқаев балаларға арналған IQostanay smart орталығын аралап көрді

Қасым-Жомарт Тоқаев балаларға арналған IQostanay smart орталығын аралап көрді

Қостанай қаласы

Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай қаласындағы балаларға арналған IQostanay smart орталығының қызметімен танысты, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта мұнда екі мыңға жуық оқушы қосымша білім алады. Өскелең ұрпақтың игілігі үшін 24 үйірме жұмыс істейді.

Оқушылар сарайында жоғары технологиялық құралдармен жабдықталған киберспорт, инженерия, авиамодельдеу кабинеттері, жаңартылатын энергия көздері, химия және физика-техникалық зертханалары, сондай-ақ мәжіліс, оқу және хореография залдары бар.

Орталықтағы робот техникасы, инженерия және авиамодельдеу үйірмелеріне қатысатын балалар Президентке өз жобаларын таныстырып, виртуалды зертханада тәжірибе жасап көрсетті.

– Болашақта өз білім-біліктеріңізді іске асыруға мол мүмкіндік бар деп ойлаймын. Өйткені мұның бәрі қазіргі заманда, экономикада және басқа да салаларда сұранысқа ие. Біз уақыт талабына сай технологияны меңгерген ұлтқа айналуымыз қажет. Елімізге отандық технологияны дамытатын сіздер секілді азаматтар керек, – деді Мемлекет басшысы.

Оқушылар Қасым-Жомарт Тоқаевқа техникалық мамандықтарға арналған білім гранттарын көбейткені үшін рақмет айтты.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Биылғы 10 айдың қорытындысы бойынша Павлодар облысы барлық негізгі макрокөрсеткіш бойынша оң динамиканы көрсетуде. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2,8...

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының Жолдауында қойылған міндеттерді іске асыру шеңберінде білім беру, денсаулық сақтау, салықтық және кедендік...