Тұрғын үй кезегінде тұрғандарға 1,3 млрд теңгеден астам сомаға 1136 сертификат берілді

Тұрғын үй кезегінде тұрғандарға 1,3 млрд теңгеден астам сомаға 1136 сертификат берілді

Үй алуға кезекте тұрған мұқтаж азаматтарға көрсетілетін мемлекеттік қолдау аясында жалдау ақысын субсидиялау, тұрғын үй сертификаттарын беру, жеңілдікпен кредит беру және 2% және 5% мөлшерлемесі бойынша жеңілдікпен займдар беру сынды шаралар көзделген. Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасы Бақытжан Жүнісбеков ОКҚ брифингінде қолдау түрлеріне тоқталып, оның тиімді тұстарын атап өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Онгың хабарлауынша, 2022 жылдан бастап азаматтардың жекелеген санаттарына жеке сектордағы тұрғын үйді жалдау құнының 50%-ы субсидияланады. Олардың арасында  бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, көп балалы аналар, көп балалы отбасылар бар. Бүгінгі таңда 10 мыңнан астам отбасы субсидия алуды жалғастыруда.

«Бұдан басқа, мұқтаж азаматтар үшін әкімдіктер ипотекалық тұрғын үй несиелері бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабуға тұрғын үй сертификаттарын береді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша 2,5 млрд теңгенің сомасында екі мыңнан астам тұрғын үй сертификаттары берілді. Ағымдағы жылдың сегіз айының қорытындысында 1,3 млрд теңгеден астам сомаға 1136 сертификат берілді. Берілген сертификаттардың жартысына жуығы Астана, Алматы және Шымкент қалаларының үшеуіне тиесілі», – деді спикер.

Сондай-ақ кезекте тұрғандарға 2% және 5% мөлшерлемесі бойынша жеңілдікті займдар беріледі. 2% мөлшерлемесі бойынша займ кезекте тұрғандардың төрт санатына беріледі. Бұлар: бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар; мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;  көп балалы отбасылар; жетім балалар.

«Осылайша, 2023 жылдың қорытындысы бойынша жылдық 2 %-бен 3 232 жеңілдетілген займ берілді. Ағымдағы жылдың сегіз айының қорытындысында сатып алуға 2 213 займ берілді. Сонымен қатар өткен жылы 5% ставкасы бойынша 4 062 займ берілді. Ағымдағы жылы 5% мөлшерлеме бойынша 3 091 займ берілді. Аталған жеңілдікті қарыздар халыққа «Отбасы банкі» тұрғын үй құрылыс банкі арқылы беріледі», – деді ведомство өкілі.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2024 жылғы 18 қарашадан бастап тікелей астықты сатып алу...