Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жанындағы Мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобының отырысы туралы баспасөз релизі

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жанындағы Мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобының отырысы туралы баспасөз релизі

2024 жылғы 13 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы жанындағы Мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобының кеңейтілген отырысы өткізілді. Отырыс жұмысына қоғамдық бірлестіктер, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты, деп хабарлайды No-comment.kz - Қазақстан Республикасының Орталық Сайлау комиссиясына сілтеме жасап.

Жұмыс тобының жетекшісі, Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының мүшесі Анастасия Геннадьевна Щегорцова кіріспе сөзінде барлық деңгейдегі референдум комиссиялары мүгедектігі бар адамдарға дауыс беруге арналған үй-жайлар мен учаскелердің қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі мәселенің ерекше маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын іске асыру бойынша қабылданып жатқан арнайы шаралар туралы ақпарат айтылды. 

Жұмыс тобының отырысында мүгедектігі бар адамдардың барлық үш санатына: көру, есту және тірек-қимыл аппараты мүгедектігі бар адамдарға қатысты мәселелер қаралды. Сондай-ақ объектілердің «қолжетімділік картасын» толтыру жөніндегі жұмыстың аспектілері, дауыс беру кезінде мүгедектігі бар адамдарды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жақсарту үшін жұмыс тобы мүшелерінің ұсынымдары қаралды. 

Өз сөзінде Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқарбек Маратұлы Ертаев Министрліктің мүгедектігі бар адамдар үшін әлеуметтік маңызы бар объектілерді бейімдеу жөніндегі ағымдағы жұмысымен таныстырды. Олар туралы ақпараттың inva.gov.kz. ақпараттық порталында орналастырылатынын және бүгінгі таңда бұл портал қолжетімділік объектілерін мониторингтеу жөніндегі негізгі ақпараттық жүйе екенін атап өтті. 

Сондай-ақ вице-министр «Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі инклюзивті саясат жөніндегі тұжырымдама» жобасы туралы айтты. 

Тұжырымдама мүгедектігі бар адамдар үшін объектілердің қолжетімділігіне байланысты негізгі проблемаларды көрсетеді және 108 іс-шарадан тұратын жоспарды көздейді.

Сондай-ақ отырыста жұмыс тобының мүшелері сөз сөйледі, олар дауыс беруге арналған үй-жайды жарақтандыруға, дауыс беру күні жағдайларды қамтамасыз етуге, учаскенің дайындығына мониторинг жүргізуге және мүгедектігі бар адамдарды хабардар етуге қатысты бірқатар ұсынымдар берді. 

Жұмыс тобының мүшесі Мейірбек Секербекұлы Нүсіпбаев –төрағасының орынбасары референдумның барлық учаскелерін Брайль шрифті бар трафареттермен қамтамасыз ету, мүгедектігі бар адамдар үшін жағдайларды қамтамасыз етумен айналысатын қоғамдық бірлестіктерді сайлау учаскелерінің дайындығын мониторингтеуге тарту, сондай-ақ аумақтық референдум комиссияларының трафарет үлгілерін «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің өңірлік филиалдарына танысу үшін беруі; және мүгедектігі бар азаматтарды оларды пайдалану бойынша оқытуы және т.б. қажеттігі туралы атап өтті.

«Үміт» саңырау мүгедектерді қолдау орталығының» атқарушы директоры Регина Юрьевна Сомова есту қабілеті нашар адамдар үшін ақпаратқа қол жеткізу туралы мәселе бойынша сөз сөйлеп, дауыс беру күні туралы қазақ және орыс тілдерінде кириллица қарпімен басылған смс-хабарламаларды қамтамасыз етудің, сондай-ақ дауыс беру учаскелердін онлайн/офлайн режимде ымдау тілі мамандарымен қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.

«Ақтөбе қаласының сал ауруына шалдыққан азаматтар одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Құралай Базарбайқызы Байменова өз сөзінде мүгедектігі бар азаматтардың сайлауға және сайлануға өзінің конституциялық құқығын пайдалануға әлсіз мүдделілігі фактісін ерекше атап өтті. Осыған байланысты, мүгедектігі бар азаматтардың еліміздің қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысуы мақсатында мүгедектігі бар азаматтарды ақпараттандыру бойынша неғұрлым мұқият жұмыс жүргізу қажеттігі туралы ұсыныс берілді. Дауыс беруге арналған учаскелерге қатысты Құралай Базарбайқызы жергілікті атқарушы органдар дауыс беруге арналған учаскелердің 95%-дан астамының қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті жұмыстарды жүргізіп жатқанына назар аударды. «Жергілікті атқарушы органдар мен референдум комиссиялары барлық қажетті жағдайларды жасайды», - деді жұмыс тобының мүшесі өз сөзінде. Алайда, мүгедектігі бар адамдардың референдумға шығарылатын мәселе туралы хабардар екені күмән тудырды. «Бұл мәселені пысықтау үшін кәсіби ақпарат жетіспейді», - деп атап өтті спикер. 

«Еркіндік қанаты» қоғамдық қорының атқарушы директоры Елена Александровна Швецова сондай-ақ референдум комиссияларының мүшелері үшін де, жергілікті атқарушы органдар үшін де жарақтандыру жөніндегі барлық стандарттарды сақтай отырып, қолданыстағы заңнамаға сәйкес дауыс беруге арналған үй-жайлар мен учаскелерді дұрыс қамтамасыз ету бөлігінде ұсынымдарды айтты.

Е. Швецованың ұсынымдарын отырыстың барлық қатысушылары бірауыздан мақұлдап, отырыстың басқа қатысушыларының ұсыныстарымен бірге Орталық референдум комиссиясының төрағасына ақпарат ретінде және одан әрі іске асыру үшін жолдады. Отырысқа шақырылған «САТР орталығының» қонағы Анатолий Сергеевич Мигайдың референдумның барлық дауыс беру учаскелерінде экрандық қолжетімділіктің арнайы бағдарламалық қамтылымы бар, зағип және нашар көретін азаматтар үшін қолжетімді функциялары бар, экранды үлкейтетін компьютерлермен қамтамасыз ету туралы ұсыныстарын ерекше атап өткім келеді.

Сондай-ақ спикер мүгедектігі бар адамдарға арналған бұрыштың барлық компоненттерінің (компьютер, құлаққап, БҚ және т.б.) техникалық жай-күйі мен жұмыс қабілетін тексеруді ұсынды. 

Жұмыс тобының мүшесі Владислав Вячеславович Трифонов – «Жизнь без границ» қоғамдық бірлестігінің басшысы дауыс беру учаскесіндегі барлық ақпараттық плакаттарда QR-код форматын енгізу жөнінде ұсыныс енгізді, оның көмегімен мүгедектігі бар адамдар жүргізіліп жатқан науқан бойынша барлық ақпаратпен оңай таныса алады. Есту қабілеті бұзылған адамдарды қажетті сервистерге қосу үшін дауыс берудің барлық учаскелерінде интернет байланысына қолжетімділікті қамтамасыз ету де жұмыс тобы мүшелерінің негізгі ұсынымдарының біріне айналды. 

Сонымен қатар отырыста референдум қорытындылары бойынша жұмыс кездесуін өткізу, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жақсарту мақсатында сайлау учаскесінде дауыс беруге арналған үй-жайды, дауыс беруге арналған пунктті жарақтандыру жөніндегі нұсқаулыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесін талқылау туралы шешім қабылданды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министр өңір әкімдеріне инфляция деңгейін ескере отырып, бір балаға қазіргі 500 теңгеден тамақтану құнын арттыру бойынша қаражат бөлуді...

Премьер-министр Олжас Бектенов қаржы министрінің осы санаттағы жеке тұлғалардың 90%-ын декларациялаудан босату туралы ұсынысын қолдады, деп...

«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2024 жылғы 18 қарашадан бастап тікелей астықты сатып алу...