Биыл Абай облысында 20 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылды

Биыл Абай облысында 20 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылды
Абай өңірінде жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы міндеттемелер орындалуда. Облыс бойынша экономикалық белсенді тұрғындар саны - 306 мың адам. Олардың жұмыспен қамтылу деңгейі – 95,3%. Екінші тоқсан қорытындысы бойынша жұмыссыздық деңгейі жалпы республикалық деңгеймен бірдей. Биыл 23 879 жұмыс орнын құру жоспарлануда. 9 ай қорытындысы бойынша 19 810 жұмыс орны ашылды. Жоспар 83%-ға орындалып отыр. Өңір басшысы Нұрлан Ұранхаев ОКҚ алаңында осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды No-comment.kz - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Энергетика вице-министрі Құдайберген Арымбек Қостанай облысына жұмыс сапары барысында іске асырылып жатқан маңызды жоба - KIA маркалы автомобиль...