Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсенің 17-ші отырысында ЕТҚ-ға салық төлеу сервисі таныстырылды

Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсенің 17-ші отырысында ЕТҚ-ға салық төлеу сервисі таныстырылды

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсесінің 17-ші отырысында Мемлекеттік кірістер комитетінің Салық төлеуші кабинетіндегі жаңа сервистің жобасы таныстырылды. Ол еңбекақы төлеу қорынан есеп айырысу мен міндетті төлемді жұмыс берушінің бір рет қолмен басу арқылы орындауына мүмкіндік береді, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

Еңбекақы төлеу қорынан салықтар мен әлеуметтік төлем тетігін жеңілдету мәселесін кәсіпкерлер мен бухгалтерлік қауымдастық бірнеше рет көтеріп, ол бұрын Жобалық кеңсе алаңында қарастырылған болатын.

Бүгінгі таңда жұмыс берушілер жұмысшыларға арнап, шамамен 7-8 түрлі әлеуметтік төлемді жүзеге асырады. Олардың әрқайсысы жеке әдістемемен есептеледі. Жаңа сервис қолданыстағы жеңілдіктер мен қызметкерлердің жекелеген санатының ерекшелігін ескере отырып, барлық қажетті төлемді автоматты түрде есептеуге, сондай-ақ төлем құжатын банкке жіберуге мүмкіндік береді.

Мемлекеттік ақпараттық жүйелерге интеграцияның арқасында сервис қызметкерлердің мәртебесіне сай тиісті есептеу режимін қолдана алады. Сондай-ақ, жұмыс уақытының табелін жүргізу мүмкіндігі қарастырылған, соның негізінде қажетті есептеулер автоматты түрде орындалады.

Сервисті енгізу шағын және орта бизнес субъектілерінің әкімшілік жүктемесін айтарлықтай төмендетеді, мәселен, 200.00 нысанын ұсыну қажеттілігінен бас тартуға болады.

Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Жандос Дүйсембиев атап өткендей, сервисті енгізу толығымен ерікті түрде жүргізіледі. Бірінші кезеңде сервисті шағын және орта бизнес субъектілері пайдаланса, кейіннен бухгалтерлік жүйемен интеграцияланып, ірі кәсіпорындарға да таратылады.

Сервис әлеуметтік төлем бойынша есеп айырысуды автоматтандыруға, құжатты толтыру кезінде қатені азайтуға және жұмыс беруші мен қызметкердің арасындағы есеп айырысудың ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді.

Бұл қызмет осы жылы қыркүйекте пилоттық жоба ретінде іске қосылады. Сынақтан сәтті өткен жағдайда, 2027 жылғы қаңтардан бастап тұрақты енгізіледі.

Сондай-ақ отырыста Ипотекалық тұрғын үй қарызын қайта қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде жеке тұлғаның кредит (қарыз) бойынша міндеттемесі тоқтатылған жағдайда жеке табыс салығы салынбайтын кірістер тізбесін кеңейту мәселесі қаралды.

Мемлекеттік органдар толықтырулар енгізу қажеттілігі тұрғысынан, оның ішінде отбасының әлеуметтік картасы бойынша базалық тәсілді, сондай-ақ кредиттер (қарыздар) беру кезінде алаяқтық схемалар салдарынан зардап шеккен жеке тұлғалардың болуын ескере отырып, қолданыстағы ерекшеліктерге орай, кірістерге салық салуды бірлесіп қарайды.

Бұдан басқа, отырысқа қатысушылар салық органдарының шетелдік азаматтарға Қазақстан Республикасының резиденті деген сертификат беруін қайтадан бастау туралы ұсынысты қолдады. Бұрын қолданыста болған тетікке қайта оралу қажеттілігі шетелдік клиенттердің салық мәртебесін айқындау және банк салымы бойынша тиісті салық салу режимін қолдану кезінде екінші деңгейлі банктерде туындайтын мәселелерге байланысты болып отыр.

Отырысқа қатысушылар екінші деңгейлі банктердің ұсынысын қолдады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсесінің 17-ші отырысында...

Премьер-министр Астана қаласына жұмыс сапары аясында Президенттің өнеркәсіпті дамыту, инфрақұрылымды нығайту және АӨК-тегі қайта өңдеуді тереңдету...

Түркістан облысының Сайрам ауданында ірі қара малды бордақылауға арналған және жоғары технологиялық мал сою алаңымен жабдықталатын ірі инвестициялық жобаны іске асыру...