COVID-19: Ресейлік ғалымдар жаңа дәрі шығарды

COVID-19: Ресейлік ғалымдар жаңа дәрі шығарды

Ресейлік ғалымдар коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастарды емдейтін жаңа дәрі шығарды, - деп хабарлайды Интерфакс Федералды медико-биологиялық агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Препарат вирус геномындағы ерекше бөліктерге әсер етеді және оның жасушаларда көбеюі бәсеңдейді. 

"Бұл принциппен істейтін дәрілер - коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастарды емдеудің тиімді құралы", - деді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Медикаменттер гендердің бірізді өзгеруіне әкеп соғады. Ведомствоның мәліметінше, дәрі адам ағзасына түскеннен кейін ешқандай кері әсері жоқ.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына көмек көрсетуге 815 млн теңге жұмсауға...

Мемлекет басшысы ел үшін осындай ауыр сәтте Қазақстан Ресей көшбасшысы мен халқының шынайы тілектестігін және қолдауын ерекше бағалайтынын атап...