Коронавирусты екінші мәрте жұқтырса не болады - зерттеу нәтижесі

Коронавирусты екінші мәрте жұқтырса не болады - зерттеу нәтижесі

COVID-19-ды екінші мәрте жұқтырған адамда алдыңғысынан да қауіпті белгілер сезілуі мүмкін. Бұл туралы Невада университетінің ғалымдары және АҚШ-тағы басқа ғылыми ұйымдар мәлімдеді, деп хабарлады zakon.kz Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Ғалымдар 48 күн ішінде SARS-CoV-2 екі түрлі нұсқасын жұқтырған 25 жастағы ер адамның жағдайын сипаттады. Екінші инфекция біріншіге қарағанда ауыр болған, ал науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Сонымен қатар, сарапшылар Бельгия, Нидерланды, Гонконг және Эквадордағы реинфекцияның тағы төрт жағдайын атап өтті.

Сарапшылардың пікірінше, Невададағы науқас екінші рет вирустың жоғары дозасын жұқтыруы мүмкін, сондықтан ауру өте ауыр өткен. Басқа гипотезаларға сәйкес, ер адам ағзасында қалыптасқан антиденелер қайта инфекция жұқтырғанда жағдайды ушықтырған, яғни антиденеге тәуелділігі жоғарылаған. Реинфекциялар COVID-19 вакцинасын әзірлеу жұмыстарына қауіп төндіреді, бірақ реинфекция бүгінгі күнге дейін сирек кездесетін құбылыс.

 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына көмек көрсетуге 815 млн теңге жұмсауға...

Мемлекет басшысы ел үшін осындай ауыр сәтте Қазақстан Ресей көшбасшысы мен халқының шынайы тілектестігін және қолдауын ерекше бағалайтынын атап...