АУДАН ӘКІМІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

АУДАН ӘКІМІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Шардара ауданының әкімі Қ.Жолдыбай "Nur Otan" партиясы аудандық филиалының ғимаратынды тұрғындарды жеке қабылдады.

Қабылдауға "Nur Otan" партиясы Шардара аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е.Қарымсақов, аудан әкімінің орынбасарлары мен дербес бөлім басшылары қатысты.

Тұрғындар тарапынан: жарамсыз күйге түскен жекеменшік тұрғын үйін қалпына келтіруге көмектесу, мемлекеттік актіні өзгерту мәселесі, мүгедектік санатына шығару және тағы да басқа мәселелер қозғалды.

Аудан басшысы әр тұрғынның сауалдарына заңды түрде жеке-жеке жауап беріп, әрбір мәселеге талқылау жасап, шешу жолдарын қарастырды. Сондай-ақ, алдағы уақытта тұрғындардың мәселелерін бақылауда ұстайтындығын айтып, жауапты мамандарға тиісті тапсырмалар берді.

«No-comment.kz»-ақпарат

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов ExxonMobil Upstream компаниясының президенті Дэн Амманмен кездесу өткізді. Онда...

Елімізде су нысандары, су шаруашылығы инфрақұрылымы, су пайдаланушылар, жерасты суы және саланың өзге де бағыттары бойынша деректерді біріктіретін...