ШАРДАРА: ВИЦЕ-МИНИСТР АУДАНҒА ІССАПАРМЕН КЕЛДІ

ШАРДАРА: ВИЦЕ-МИНИСТР АУДАНҒА ІССАПАРМЕН КЕЛДІ

Бүгін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязов ауданымызға іссапармен келді. Вице-министр Қызылқұм және Алатау батыр ауылдарында ПУИД-2 бағдарламасы арқылы (каналдарды бетондау, тазалау, қашыртқыларды қазу,) жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты.

Сондай-ақ, жергілікті шаруа қожалық басшылары және диқандармен кездесіп, толғандырған мәселелерін тыңдап, сұрақтарға жауап берді. Кездесу барысында қосымша каналдардың да күрделі жөндеуден өткізу, жұмыс сапасына баса назар аудару және уақытылы бітіру секілді өтініштер айтылды. С.Қожаниязовқа жергілікті мәслихат депутаттарының тарапынан да "депутаттық сауалдар" қойылып, бірқатар ұсыныстар айтылды.

Вице-министр ауқымды жобаны жүзеге асырып жатқан мердігер компания басшыларна істі барынша қарқынды атқарып, каналдарды диқандардың егістігіне барынша қолайлы етіп жасап, үлкен жобаны сапалы түрде абыроймен аяқтау керек екендігін атап өтті. Сонымен қатар, ПУИД-2 жобасына жауапты мамандар тарапынан көтерілген ұсыныстар мен өтініштерін тыңдап, барлық мәселе хаттамаға енгізіліп, қаралатынын айтты.

«No-comment.kz»-ақпарат

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ТМД Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекетаралық кеңесінің XXXVIII отырысы Шымкент қаласында аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының Төтенше...

Түркістан қаласында кәсіпкерліктің тұрақты дамуы үшін қаржылық ресурстар мен өндірістік инфрақұрылымнан бөлек, білікті мамандардың болуы маңызды....