Енді YouTube алкоголь мен құмар ойындарды жарнамаламайды

Енді YouTube алкоголь мен құмар ойындарды жарнамаламайды

YouTube бұдан былай негізгі жарнама орнына - веб-сайт пен қосымшаның жоғарғы жағында көрсетілетін баннерде алкоголь, құмар ойындар, сайлау және саясат немесе рецептпен берілетін дәрі-дәрмек жарнамасын қабылдамайды, - деп жазды Tengrinews.kz  ixbt.com сайтына сілтеме жасап. 

Бұл жарнамалар 14 маусымнан бастап жоғарғы баннерде көрсетілмейді.

Google өкілі TheVerge басылымының журналистеріне жаңа шектеулер «қолданушылардың пікірін жақсартуға» арналғанын айтты.

Жоғарғы баннердегі жарнама блогы - YouTube-ті аша салғанда көзге түсетін орын. Дәрі-дәрмектерді, алкогольді немесе құмар ойындарды жарнамалаудан бас тарту YouTube-ті әр түрлі жастағы қолданушылар көре алатындай етіп жасайды.

Жаңа шектеу YouTube-ке келіспеушіліктер мен жанжалдардан аулақ болуға көмектеседі. Мысалы, АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп 2020 жылғы сайлау кезінде үш күнге жоғарғы баннерді сатып алған кезде дау шыққан.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Германия, Мюнхен қаласы Мемлекет басшысының Германиядағы ресми сапарының екінші күні Siemens AG компаниясының коммерция және қаржы мәселелері жөніндегі...

В целях исполнения поручения Главы государства Касым-Жомарта Токаева по открытию в стране филиалов ведущих мировых учебных заведений в Туркестанской области ведется масштабная...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізде әлемнің жетекші оқу орындарының филиалдарын ашу жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында Түркістан...