Шымкентте «Ақылды аялдамалардың» санын арттыру жоспарлануда

Шымкентте «Ақылды аялдамалардың» санын арттыру жоспарлануда

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М.Исаховтың қатысумен ұйымдастырылған пресс-тур аясында БАҚ өкілдері Солтүстік шағын ауданында пилоттық режимде орнатылған «Ақылды аялдама» жобасының жұмыстарымен танысты.

Қазіргі таңда шаһардағы «ақылды аялдамаға» салқындатқыш, бейнекамера және антивандалды экран орнатылып, халық игілігіне берілген.

Мақсұт Пернебайұлының айтуынша, аялдаманың толық аяқталуы үшін бірнеше құжаттары мен ішкі құрылысында орналасқан маршрутты көрсететін LED экран орнатылуы қажет. Алдағы уақытта жоба оң нәтиже берген жағдайда, «ақылды аялдамалардың» санын арттыру жоспарда бар.

Айта кетейік, алдағы уақытта аялдама қосымша жабдықтармен қамтылмақ, яғни ішінде салқындатқыш, бейнекамера, 2 дана LED экран, wi-fi және басқару панелі орналасады. Ал сыртқы бетінде антивандалды жарнамаға арналған экран қойылады.

 «No-comment.kz”-ақпарат

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Германия, Мюнхен қаласы Мемлекет басшысының Германиядағы ресми сапарының екінші күні Siemens AG компаниясының коммерция және қаржы мәселелері жөніндегі...

В целях исполнения поручения Главы государства Касым-Жомарта Токаева по открытию в стране филиалов ведущих мировых учебных заведений в Туркестанской области ведется масштабная...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізде әлемнің жетекші оқу орындарының филиалдарын ашу жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында Түркістан...