Ағымдағы жылдың 4 шілде күні Сауран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Сауран ауданы, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ғимаратында «Серпін - 2050» мемлекеттік бағдарламасы бойынша ZOOM платформасында онлайн кеңес беру өтті.
«Серпін - 2050» мемлекеттік бағдарламасының мақсаты – халқы тығыз орналасқан еліміздің оңтүстік аймақтарындағы жастарды кадр жетіспеушілігі байқалған Қазақстанның солтүстік, батыс және шығыс өңірлерінде оқытып, жұмысқа орналастыру.
Онлайн кеңес беру барысында жастарға мемлекеттік бағдарлама жайлы мәлімет беріліп, оқуға түсем деуші жастарға мемлекет тарапынан қандай мүмкіндіктер және жеңілдіктер қарастырылғандығы жөнінде айтылып, түсіндіріліп өтілді. «Серпін - 2050» мемлекеттік бағдарламасымен грант негізінде оқуға түскен студенттер жатақханамен қамтамасыз етілетіндігі және оқу бітірген соң жұмысқа тұруға университет ықпал жасайтындығы айтылып өтілді.