«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының 1-ші кезеңіне қатысушылар марапатталды

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының 1-ші кезеңіне қатысушылар марапатталды

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының 1-ші кезеңіне қатысушылар марапатталды, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Еңбекші ауданында «Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсының 1-ші кезең бойынша жеңімпаздарын анықтау комиссиясының отырысы өткізілді. Аталған отырысқа ауданнан өтінім білдірген 31 отбасының құжаттары ұсынылған болатын.

Нәтижесінде 31 отбасының құжаттарын қарап, оның ішіндегі 15 отбасы тиісті құжаттарын толық ұсынбауына байланысты қараусыз қалдырды.

Ал қалған 16 отбасының құжаттары белгіленген қағидаға сәйкес бағаланып, жеңімпаз ретінде 4 отбасы қалалық деңгейде өтетін екінші кезеңге жолама алды.

Олар:

- Байбосыновтар отбасы;

- Теңізбаевтар отбасы;

- Бақтыбаевтар отбасы;

- Шукуровтар отбасы.

Бүгінгі осы аудандық деңгейде өткізілген «Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсының І-ші кезеңіне белсене қатысқан барлық 16 отбасыларға аудан әкімінің алғыс хаттары мен гүл шоқтары табысталып, сый құрмет көрсетілді.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2013 жылдан бері өткізіліп келетін бұл байқауға аталған ауданнан 20 отбасы өтініш білдірген. Құжаттарын арнайы құрылған комиссия қарап, 4 отбасыны лайықты деп таныған болатын.

Өзгеге үлгі болып жүрген отбасылар қатарында Бимурзаевтар, Шерметовтер, Садыковтар және Түктыбаевтар отбасы бар.

Еске салсақ, жалпы аталған ұлттық конкурсқа қатысу үшін қала бойынша 110 отбасыдан өтініш келіп түскен болатын. Анкеталық іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша төрт ауданнан 16 отбасы байқаудың екінші қалалық кезеңіне жолдама алып, қалалық байқаудың қорытындысы бойынша Алиевтер отбасы жеңімпаз деп танылған еді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Үкіметте ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен жер комиссиясының жаңа форматтағы отырысы өтті, деп хабарлайды ...