Төлеби ауданына 90-жыл толуына орай аудандық әкімдік пен аудандық маслихаттың қолдауымен ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен аудан көлемінде «Туған өлке тарихы» атты интеллектуалды ойынның алғашқы іріктеу кезеңінен жолдама алған 21 команда арасында 1/16 финалдық ойыны болып өтті.
Төлеби бабамыздың тарихи болмысын, өмірі мен ілімін ауданға өз деңгейінде танытып, өсиетті сөздерін насихаттау мақсатында өткен сайыстың екінші кезеңінде 21 команда арасында өзара бір-бірімен бақталасты. Сайыс 2 кезеңнен тұрып, бірінші кезең аудан тарихы, жер-су атауларынан сұрақтар қойылса, екінші кезең Төлеби бабаның өмірлік жолы, өсиетті сөздеріне қатысты қойылған сұрақтарға жауап берді.
Сайысқа түскен жалпы 29 команданың 16 командасы жолдама алса, бүгінгі ойында: Алатау, Имамдар, Жалын, Ұйымшыл, Көксәйек, Ақкөгершін, Мәслихат, Сайыпқыран, Оңтүстік, Төлеби, Қайнар командалары жеңіске жетіп, келесі 1/8 кезеңге жолдама алса, қалған командалар сайыспен қоштасты.
Алдағы уақытта сайыс өз жалғасын тауып, жеңімпаздар ¼, ½ финалға шығып, қорытындысымен толық жеңіске жеткендер ауданның 90 жылдығына арналған қорытынды мерекелік концертте ақшалай сыйлықтармен марапатталады.