Ұлттық спорт түрінен жарыс өтті

Ұлттық спорт түрінен жарыс өтті

2022 жылғы 01 шілде күні аудандық мәдениет,тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен М.Жәрімбетов ауылы, «Алғабас» спорт кешенінде «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және 2022 жыл- Балалар жылы және ТМД халық шығармашылығы мен мәдени мұра жылына орай жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында асық ату және бес асықтан аудандық турнир өткізілді.

Жарысқа жалпы 7 команда қатысты. Тартысты өткен жарыс нәтижесінде асық атудан ұлдар арасында жүлделі І-орынды А.Пушкин АТМЛ, ІІ-орынды Бағысбаев ЖОМ, ІІІ- орынды Ғ.Мұратбаев ЖОМ командалары иеленді.

Бес асықтан жасөспірім қыздар арасында I-II –орындарды Ғ.Мұратбаев ЖОМ, III-орынды А.Пушкин АТМЛ командалары иеленді.

Жарыс жеңімпаздары бөлімнің медаль және дипломдарымен марапатталды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында маңызды мәселелердің бірі инфрақұрылымды ретке келтіру болатын. Бүгінде Түркістан...