Бүгін шілде айының 7-сі күні Сауран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Жастар практикасы» мемлекеттік бағдарламасы бойынша ZOOM платформасында онлайн кеңес беру өтті.
Эфирді Сауран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің «Жастарға қызмет көрсету және NEET санатындағы жастармен жұмыс жүргізу» бөлімінің меңгерушісі Б.Үпібек жүргізіп, “Жастар практикасы” мемлекеттік бағдарламасы бойынша түлектердің өз мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесін жинақтау және кейінірек жұмысқа орналасуына жағдай жасау бойынша түсіндірме жұмыстары өткізілді.
«Жастар практикасы» - жоғары оқу орындары мен колледж түлектеріне арналған еңбек қызметінің бір түрі. 12 ай бойы жұмыс істеген уақытында жас мамандарға 30 АЕК көлемінде айлық төленеді. Егер жас маман осы уақыт аралығында жұмысында өзін көрсете алса, тұрақты жұмысқа қалуына да мүмкіндік бар. Осылыйша бұл жастарды тұрақты жұмыспен қамтуға жасалған алғашқы қадам болып тұр.
Мемлекет тарапынан «Жастар практикасы» мемлекеттік бағдарламасы
арқылы өз өміріндегі маңызды қадам жасауға көптеген мүмкіндіктер жасауда.