Аудандағы аз қамтамасыз етілген көпбалалы отбасы оқушыларын сауықтыру үшін бюджет есебінен бөлінген қаржыға,қала сыртындағы лагерлерге 1215 оқушыны тегін демалдыру жоспарланған.
Ағымдағы жылдың 10 - 30 маусым аралығында екі лекпен 780 оқушы демалдырылды. 30 маусымнан бастап ІІІ -лекте 435 оқушы Түлкібас ауданы,Кершетас ауылында орналасқан Б.Саттарханов атындағы лагерінде демалып жатыр. Б.Саттарханов лагерінің директоры Н.Джумашев 10 тұл жетім оқушыға өз демеушілігі есебінен лагерде тегін демалуға қолдау көрсетіп, сыйлықтар тапсырды.
Бұған қоса кәсіподақ ұйымдары,мекеме басшылары, демеушілер,ата-аналар есебінен 3900-ға жуық оқушы қала сыртындағы демалыс орындарында демалыстарын жалғастыруда.
Оқушыларды тасымалдау кезіндегі жолда жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Түлкібас ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері өз үлестірін қосты
Түлкібас ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Е.Кадырбек және бас маман Г.Шультаев лагерьдегі балалардың сауықтыру барысын тұрақты бақылау жасауда!