Мақтааралда 1548 адам Республикалық сенбілікке қатысты

Мақтааралда 1548 адам Республикалық сенбілікке қатысты

Бүгін "Birge - taza Qazaqstan" акциясы шеңберінде Республика көлемінде өткен жаппай сенбілікке Мақтаарал ауданынан 1548 адам қатысты. Оның ішінде мемлекеттік мекемелерден 489 адам, 578 ерікті жастар және 481 тұрғындар бар.

Республика көлемінде өткен тазалық жұмыстарына белсене атсалысқан мақтааралдықтар ауданның кіреберіс аймағын, орталық көшелер мен әлеуметтік нысандарды, саябақтар мен гүлзарлардың айналасын қоқыс қалдықтарынан тазартып, арам шөптерін шапты.

"Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Тазалықты жанына серік еткен мақтааралдықтар бүгін ауданымыздағы барлық кенттер мен елдімекендерде сенбілік жұмыстарын жүргізді. Өзіміз мекен етіп отырған өлкемізді аялап, айналамыздың тазалығын сақтай білу арқылы жоғары мәдениеттілігімізді көрсете аламыз. Жерлестеріме айтарым, тазалықты әрқайсымыз өз ауламыздан бастаған жөн. Бала-шағамызға туған жердің қадір-қасиетін сезіндіре отырып, қоршаған ортаны таза ұстауға, ағаш егуге, көгалдандыруға тәрбиелейік" - деді сенбілікке қатысушылар.

Жалпы сенбілік барысында 8 тоннадан астам күл-қоқыс шығарылды. Оның ішінде 2,6 тонна шыны қалдықтары, 1,4 тонна пластика қалдықтары, 1,2 тонна резіңке қалдықтары, 1 тонна қағаз қалдықтар және 1,9 металл қалдықтары бар. Сондай-ақ, қоқысты жинауға 14 дана арнайы техника жұмылдырылды. Оның ішінде погрузщик, трактор және трактор тіркемелері бар.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында маңызды мәселелердің бірі инфрақұрылымды ретке келтіру болатын. Бүгінде Түркістан...