Жазғы лагерьдің үшінші маусымы өтуде

Жазғы лагерьдің үшінші маусымы өтуде

Балалардың демалысын ұйымдастыру қашанда маңызды мəселенің бірі болып саналады. Жыл сайын демалыс уақытында балалар мен жасөспірімдердің толық демалуларына, танып білу, шығармашылық және қоғамшылдық белсенділігін арттыруға, денінің саулығын арттыруға жағдай жасау мақсатында оқушылар үшін қала сыртындағы және мектеп жанындағы сауықтыру ұйымдарының жазғы сауықтыру ауысымдары ашылады.

Бүгін аудан әкімінің салаға жауапты орынбасары Е.Орманов және аудандық Адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Е.Қадырбек Машат шатқалындағы Б.Саттарханов лагеріне арнайы барып, сол жерде демалып жатқан түлкібастық оқушылардың жағдайын бақылап қайтты.

Бұл жерде маусым айының басынан бастап 1225 аз қамтамасыз етілген отбасының балаларын демалту жоспарланған. Бүгінде 10 күннен 3 маусымға бөлінген жалпы бала санының 70 пайызының демалыстары аяқталып, үйлеріне қайтарылса, соңғы маусымдағы балалардың демалысының аяқталуына бір аптаға жуық уақыт қалған.

Айта кетерлік, ағымдағы жылы бұдан бөлек 9 мыңға жуық оқушы мектеп жанындағы лагерьлермен қамтылса, 4 мыңнан астам оқушы кәсіпорын ұйымдары, мекеме басшылары, демеушілер және ата-аналар есебінен аудан, облыс, республика көлемінде орналасқан сауықтыру орындарында демалуда.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында маңызды мәселелердің бірі инфрақұрылымды ретке келтіру болатын. Бүгінде Түркістан...