Қала ішінде қоғамдық көліктер жұмысын бастады

Қала ішінде қоғамдық көліктер жұмысын бастады

Шардара қаласындағы әлеуметтік маңыздағы «Қала-1» бағыты бойынша маршрут өз жұмысын бастады.

Бүгінгі таңда Шардара қаласындағы «Қала-1» бағытында 4 бірлік шағын автобус жолаушылар тасымалдауда.

Әр шағын автобустың қатынау ара қашықтығы 20-25 минут.

Сондай-ақ, Ағымдағы жылдың 1 тамызынан бастап Шардара қаласындағы «Қала-2» бағыты өз жұмысын бастайтын болады.

Ол «Нұр Отан» мөлтек ауданы - Орталық аурухана Орталық базар 2 мөлтек аудан «Керуен» сауда үйі «Әсемай» мөлтек ауданы , - - 1 мөлтек аудан - «Әсемай» мөлтек – 2 мөлтек аудан - «Керуен» сауда үйі - Орталық базар - Орталық аурухана - «Нұр Отан» мөлтек аудандары бойымен жүретін болады. Сонымен қатар «Өтеғұл» шағын ауданын қала орталығымен байланыстыратын «Қала-3» бағытындағы автобустар тамыз айының алғашқы күндерінен бастап іске қосу жоспарланған.

Шардара қаласында бағыттар бойынша жол жүру төлемақысы - 50 теңге.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында маңызды мәселелердің бірі инфрақұрылымды ретке келтіру болатын. Бүгінде Түркістан...