Адырбеков көшесінің бір бөлігі уақытша ашылды

Адырбеков көшесінің бір бөлігі уақытша ашылды

Бүгін Адырбеков көшесінің Жібек жолы көшесінен Иляев көшесіне дейінгі аралығы көлік жүргізушілері үшін уақытша ашылды. Жалпы Адырбеков көшесін қайта құру жұмыстары 2023 жылы толығымен аяқталып пайдалануға беру жоспарланған.

Көлік кептелісін азайту мақсатында жасалған техникалық ашылуға қала әкімі Мұрат Әйтенов қатысып, атқарылған жұмыс барысымен танысты.

Ұзындығы 3,74 шақырымдық жол Алдияров көшесінен Т.Рыскұлов көшесіне дейінгі аралықты қамтиды. Жоба бойынша ені 23 метр 4 жолақты жолдың екі жағында ирригациялық жүйе мен жасыл аймақ, тротуар, жарық шамдар көзделген.

2018-2020 жылдары Рысқұлов көшесінен Жандосов көшесіне дейінгі аралықты қамтитын 800 метр жолға қайта құру жұмыстары жүргізілген. Бүгінде Жібек жолы көшесінен Тәуке хан даңғылына дейінгі аралықта қайта құру жұмыстары атқарылуда.

Ал Жібек жолы көшесінен Иляев көшесіне дейін асфальт төсемінің екінші қабаты төселіп, Иляев көшесінен Тәуке хан даңғылына дейінгі жерде инженерлік жүйелердің орны ауыстырылуда және жолдың қазаншұңқыры дайындалуда.

Сонымен қатар, көшені күрделі жөндеуден өткізу үшін 23 жер телімі мемлекет иелігіне қайтаруды қажет етеді. Бүгінге дейін оның 1-і қайтарылып отыр. Қалған жерлер бойынша жұмыс процесі жүруде.

Сондай-ақ, Шымкент қаласында биыл 450 шақырым көшенің жол таңбалары жаңартылып, сызылатын болады. Оның ішінде 250 шақырымы термопластиктен, ал қалған 200 шақырымы акрильді бояумен сызылады. Жалпы бүгінге дейін 150 шақырымнан астам көшенің жол сызықтары жаңартылды.

Қаламыздағы автомобиль жолдарының ұзындығы 3247 шақырымды құрайды. Оның 1151,5 шақырымы Қаратау ауданына қарасты. Қазіргі таңда аудандағы жолдардың 582 шақырымы асфальт, 486,1 шақырымы шағал тас болса, 83,3 шақырымы топырақ жол. Күрделі жөндеу жұмыстарына сәйкес, «Алем Транс Жол» құрылыс компаниясының мердігерлігімен 17 көшеге, яғни 19,3 шақырым жол жөнделіп, бүгінде оның 65% пайдалануға берілді. Ауданда күрделі жөндеу бойынша 34,7 шақырымға аяқжол салу жұмыстары жүріп жатыр. Орташа жөндеу жұмыстары бойынша жалпы саны 38 шалғай және ішкі орам көшелері, яғни 54,4 шақырым жол жөндеуден өтуде. Оның ішінде 26 көше (68,4%) толығымен аяқталған, 2 сотпен тоқтатылған, ал 10 жұмыс барысында. Сонымен қоса 17,3 шақырымдық аяқжолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2022 жылғы жоспарға сәйкес Қаратау ауданындағы ұзындығы 50,9 шақырым болатын 43 көшеге асфальт салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында маңызды мәселелердің бірі инфрақұрылымды ретке келтіру болатын. Бүгінде Түркістан...