Алтын құрсақты аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» табысталды.

Алтын құрсақты аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» табысталды.

«6-шілде Астана күні» мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың 2022 жылғы 20-маусымдағы №934 Жарлығымен наградталған Еңбекші ауданының 5 анаға «Алтын алқа», 14 анаға «Күміс алқа» алқалары табысталды, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Еңбекші ауданының әкімі Есілбек Досбол Күздікбайұлы аналарды осы мерекемен құттықтап, гүл шоқтарын сыйлады.

Жалпы ауданымызда 8364 көпбалалы ана бар. Оның ішінде «Алтын алқа» - 568, «Күміс алқа» - 1697.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көпбалалы аналарға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау бойынша қызметті проактивті форматта алу тәртібін 21-жылы жеңілдеткен болатын.

«Кем дегенде бір баланы өз елінің лайықты азаматы етіп тәрбиелеу – әрбір ата-ананың алдында тұрған күрделі міндет. Көпбалалы аналардың еңбегін атап өту және лайықты бағалау үшін мемлекет оларды «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен наградтайды және алқа иелері тиісті мемлекеттік жәрдемақы алады. Көпбалалы аналардың уақытын үнемдеу мақсатында Еңбекмині 2019 жылдан бастап осы жәрдемақыны тағайындау бойынша мемлекеттік қызметті проактивті форматта алуға мүмкіндік береді. Бұл әйелдерді кезекте тұру қажеттігінен құтқарды, олар мемлекеттік қызметтерді кез келген ыңғайлы уақытта және кез келген жерде ала алады. Көрсетілетін қызметті алушы бір ғана SMS-хабарламаға жауап бере отырып, жәрдемақыны проактивті ресімдеуге келісім береді және банк шотын растайды. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті басқа да мәліметтер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен түседі», – деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов.

Жеңілдетілген тәртіп мемлекеттік жәрдемақыны проактивті форматта тағайындауды айтарлықтай арттыруға мүмкіндік берді. Осы өзгерістердің арқасында 2021 жылы проактивті қызмет алған көпбалалы аналардың саны екі еседен астам – 9 мың адамға дейін өсті.

Ақпарат үшін: Егерде Сіздің мекен-жай тіркеліміңіз (прописка) Еңбекші ауданында болса, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларының құжаттарын Л.Толстой көшесі, №119 үйде орналасқан аудан әкімі аппаратына келіп тапсырсаңыз болады.

Тел: 53-27-42

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында маңызды мәселелердің бірі инфрақұрылымды ретке келтіру болатын. Бүгінде Түркістан...