Екатеринбург қаласында XII «ИННОПРОМ-2022» халықаралық өнеркәсіптік көрмесі басталды. Индустрияландыру саласының басты өнеркәсіптік көрмесі шілде айының 4-7 аралығында өтеді.
Қазақстандық экспозиция алаңына химия және фармацевтика өнеркәсібі, түсті және қара металлургия, машина жасау, құрылыс индустриясы мен жеңіл өнеркәсіп салаларынан 200-ден астам компания орналасты. Бұл туралы ҚР ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.
Елімізден барған компаниялардың ішінде Шымкент қаласынан «Бал Текстиль» ЖШС, «ЭКОФАРМ Интернэшнл» «Mega SMART» ЖШС, «Стандарт цемент» ЖШС, «ЕвроКристалл» ЖШС, «Marai E7 Group» ЖШС, «QazAlPack» ЖШС, «LUX SHOES», «AGF Group» ЖШС, «Р.A.M.-1» ЖШС, «Заря» ЖК сынды 11 компания қатысып, өз өнімдерін ұсынып отыр.
Көрмеге әлемнің 30-ға жуық елінен делегаттар қатысуда. Аталған көрменің басты серіктесі ретінде Қазақстан Республикасы таңдалған.
Айта кететін Шымкент қаласында 17-19 маусым күндері «Қазақстанның үздік тауары-2022» өңірлік байқау-көрмесі өтуде. Орталық саябақта қаланың азық-түлік, фармацевтика, машина жасау, химия, жеңіл өнеркәсіп, агроөнеркәсіп кешені мен құрылыс индустриясының 70-тен астам тауар өндірушілері өз экспозицияларын орналастырды.
Үздік сапа иесін анықтау мақсатында ұйымдастырылған шараға қала әкімі М.Әйтенов, мәслихат депутаттары, кәсіпкерлер қатысты. Шаһар басшысы павильондарды аралап, жергілікті тауар өндірушілердің өнімдерімен танысты.
Бұл жылғы көрмеге алғаш рет оннан астам жаңа компаниялар қатысуда, олардың ішінде «Бесқұдық тас» ЖШС (декоративтік тастар өндірісі), «Topseller of chemical products» ЖШС (дезинфекциялаушы және жуғыш заттар өндірісі), «Qut-Bereke Qurylys» ЖШС (металл құрылымы), «Quraq group» ЖШС (трансформер жиһазы), «Alem Luxury» ЖШС (жиһаз), «БАРАКА» ЖК (сүт өнімдері), «NURTAU distribution company» ЖШС (сұлы шоколад кәмпиттері мен сағыз өндірісі), «Петухова» ЖК (бөлмеаралық есіктер) бар. Мұнда ірі компаниялар ғана емес, шағын және орта бизнес өкілдері де өздерін таныта алады, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.