Алматыда "Ten Qogam" мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау орталығының тағы бір филиалы ашылды

Алматыда "Ten Qogam" мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау орталығының тағы бір филиалы ашылды

Алматыда "Ten Qogam" мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау орталығының тағы бір филиалы ашылды. Жаңа филиал Алатау ауданында, Талдыарал, 13 мекен-жайын бойынша есігін айқара ашты. Бастама Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша іске асырылды. Қазір қалада жеті филиал жұмыс жасайды, оның 5-і жыл басынан бері екі ай ішінде ашылды (қалған 2-і өткен жылы жұмысын бастады): Бостандық, Жетісу, Әуезов, Медеу және Алатау аудандары. Наурыз айының соңына дейін "Ten Qogam" орталықтары қаланың барлық аудандарында қол жетімді болу үшін енді Түрксіб және Алмалы аудандарында филиал ашу жоспарлануда.

«Бүгінде Алматыда 56 мыңнан астам мүгедек адам тұрады. Басым көпшілігі психологиялық және құқықтық қолдауды, сонымен қатар, тұрмыстық, әлеуметтік және қаржылық дағдыны үйренуді қажет етеді. Сол себепті тұрғындарды барынша қамту үшін жақын жердегі «Ten Qogam» орталықтарын көбейтеміз. Орталықта барлығына бірдей мүмкіндік жасауға арналғанын айта кетейік. Мұнда мүгедектігі бар адамдар 16 жастан бастап жүгіне алады. Ол үшін жеке куәлік болу керек. Мұның бәрі азаматтардың қоғамға бейімделуі үшін жүргізіледі», - деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова.

Орталықтың филиалдарында мүмкіндігі шектеулі алматылықтар түрлі мәселелер бойынша кеңес ала алады, жұмысқа орналасуға жәрдемдеседі, оқытуға көмек алады, тағылымдамадан өтуге жолдама алады, психологиялық көмек алады және т.б. тіл үйренуге, оқыту немесе біліктілік курстарына жазыла алады. Бүгінде "Ten Qogam" барлық филиалдарында 3 600-ге жуық алматылықтар түрлі қызметтер алды.

Тиімді жұмыс істеу үшін Орталықтар қоғамдық ұйымдармен шарт жасасады. Олардың қатарында "Altyn time" мүгедектер қоғамы" ҚБ, "Үміт" саңырау мүгедектерді қолдау орталығы, "Шырақ" мүгедектігі бар әйелдер қауымдастығы" ҚБ, "Inclusion.kz" мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін "Кедергісіз KZ" мүгедектігі бар адамдар қоғамы" ҚБ бар.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қостанай облысының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері бойынша оң динамика байқалды. Ауыл шаруашылығы...