Бүгін Шымкенттің «Ордабасы» футбол клубы Қазақстан Чемпионатының үшінші турында Талдықорғанның «Жетісу» командасын қабылдады. Қ.Мұңайтпасов атындағы орталық стадионда өткен тартысты матчтың алғашқы таймында «Ордабасы» ойыншылары Б.Абдухоликов пен Ш.Умаров қарсылас қақпасын дәл көздеді. Ойынның екінші бөлігін командалар гол соқпай 2:0 есебімен аяқтады.
"Ордабасылықтар" ел чемпионатының биылғы маусымын жеңістен бастаған болатын. Алғашқы турда өз алаңында «Каспийден» басым түссе, сырт алаңда «Шахтер» командасын жеңді.
Осылайша үш ойындағы 9 ұпаймен жергілікті спортшылар турнирлік кестеде көш басына шықты.
Футбол – халықтың дене тәрбиесі мен денсаулығын нығайтудың ең қолжетімді, танымал және бұқаралық сипаттағы спорт түрлерінің бірі. Дене тәрбиесінің қалпытасуында ойын жетекші орын алады. Футбол — достық, жолдастық, өзара көмек сезімін қалыптастырады; жауапкершілікті сезіну, серіктестер мен бәсекелестерге құрмет, тәртіп, белсенділік сияқты құнды адамгершілік қасиеттерді дамытады. Әрбір футболшы өзінің жеке қасиеттерін көрсете алады. Мәселен, дербестік, бастамашылық, шығармашылық. Сонымен бірге ойын жеке ұмтылыстарды ұжым мүддесіне бағындыруды талап етеді.
Жалпы бұл спорт түрі дене шынықтыру мен спортты насихаттаудың қуатты құралы. Адал жекпе-жек өнері, жоғары орындаушылық шеберлік, дене шынықтыру миллиондаған жанкүйерлердің терең қанағаттануын, ләззатын, қуанышын ғана емес, сонымен қатар кез-келген жасөспірімді футбол алаңдарына, спорт алаңдары мен залдарына әкелетін қызығушылықты тудыратын спорт. Көптеген атақты спортшылар спорттық өмірбаянын футболға деген құштарлықтан бастады.
23-26 наурыз күндері өтетін Қазақстан ұлттық құрамасының матчтарына «Ордабасы» сапынан 6 ойыншы шақырту алды.