Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев кезекті жеке қабылдауын өткізді. Қабылдауға әлеуметтік, инфрақұрылым және жеке мәселелерін арқалап келген тұрғындар көкейіндегі сауалдарына жауап алып, мәселелерінің шешілуіне ықпал болатынын есітті.
Қабылдауға жазылған тұрғындардың бірі кәсіпкерлікке бет бұруды мақсат етіп, жеңілдетілген несие алу жолы қиын екенін атап көрсетті. Өз кезегінде аудан басшысы қажетті кеңестерін беріп, жол көрсетті.
- Келес ауданының тұрғындары өте еңбекқор. Кәсіптің көзін тапқандар үйіндегі қара қазанын қайнатып, айналасына көмектерін беріп жүр. Біздің мақсат атаулы әлеуметтік көмектің шартсыз түрін алып, бүгінмен өмір сүріп келе жатқан адамдарға кәсіп ашуға сүйемелдеу жасау. Адамдарға «Балық емес, қармақ беру». Сол арқылы олардың әлеуетін арттыруды көздеп отырмыз. Бүгінде 2,5 пайызбен несие беру қарқынды іске асуда. Осы жерден шығып тіке Кәсіпкерлер палатасына барыңыз. Ондағыларға Сізге сүймелдеу жүргізуге тапсырма беріледі, - деді аудан әкімі.
Айта кетеін, Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы «Азаматтардың барлық сындарлы сауалдарына жедел әрі тиімді жауап беретін «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру» міндетін қойды. Содан бері билік пен қоғам арасындағы байланыс механизмдері жетілдірілді.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасын ұстану аса маңызды. Біз қоғамға іріткі салуды емес, елді ізгі мақсатқа жұмылдыруды ойлауымыз керек. Әділетті Қазақстан идеясының түпкі мәні – осы.
Мемлекет басшысының бастамалары Қазақстанның болашағын айқындайтындығын нақты жеткізе келе, алдағы жолдың қиындығына қарамай ауқымды саяси өзгерістерді ашықтық, әділдік және өзара сенім арқылы жүзеге асыруымыздың маңызылығына тоқталды.
Елімізде «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында түрлі мемлекеттік бағдарламалар іске асырылуда. Халықтың әлеуметтік жағдайын арттыруға бағытталған мұндай бағдарламаларды біреу білсе, біреу білмей жатады. Сол себепті мұндай бағдарламалардың жұрт игілігін көруі үшін осы жобаларды насихаттап, түсіндіру де маңызды болып отыр.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тәсілі қоғамда әртүрлі көзқарастар болатынын мойындайды. Әлеуметтік-экономикалық мәртебесіне, этникалық тегіне, жынысына немесе басқа факторларға қарамастан барлық дауыстардың ескерілуін қамтамасыз ету үшін қадамдар жасайды.
Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын орындаудың негізгі тетіктерінің бірі, ол – мемлекеттік органдар тарапынан жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне уақытылы және сапалы жауап беру.
Азаматтарға қолайлы болу үшін интернет-ресурста «Халықпен жұмыс» бөлімі ашылған, онда нормативтік-құқықтық актілер, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері туралы және өтінішті қалай жолдау керектігі туралы ақпараттар орналастырылған.
Тұжырымдаманы іске асыруда «Ашық үкімет» жобасын атап айтуға болады. Оның мақсаты – ашық және халық алдында есеп беруге міндетті мемлекетті құру, азаматтардың мемлекеттік басқару саласындағы құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, жемқорлыққа қарсы күресті күшейту. Мәселен, «Ашық диалог» порталы мемлекеттік органдар мен қоғам арасындағы тиімді кері байланысты орнатуға арналған.
Аудан басшысының қабыладуына алдын ала жазылған онға жуық азамат кірді. Әрбір тұрғынның мәселесі жіті тыңдалып, оларды шешу бағытында нақты тапсырмалар жүктеліп, орындалуы бақылауға қойылды. Айта кетейік, Келес ауданының әкімі тұрғындарды әр айдың екінші және төртінші аптасының сәрсенбісінде қабылдайды. Қабылдауға жазылу 8(700)-325-05-36 байланыс телефоны және «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы жұмыс күндері сағат 9.00 – 19.00 аралығында (түскі үзіліс сағат 13.00 – 15.00) жүргізіледі.
КЕЛЕС: ЖӘНІБЕК АҒЫБАЕВ: ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ҚОЛЫНА БАЛЫҚ ЕМЕС, ҚАРМАҚ БЕРЕМІЗ
