№2 қалалық ауруханасы - инфекциялық стационар ретінде жұмыс істейді

№2 қалалық ауруханасы - инфекциялық стационар ретінде жұмыс істейді

2021 жылғы  10 шілдесінен бастап №2 қалалық аурухана инфекциялық стационар ретінде жұмыс істейді, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Медициналық мекеме ковидке шалдыққан науқастарды қабылдайтын болады.

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов аурухананың инфекциялық стационар ретінде дайындық барысымен танысып қайтты. Аурухананың бас дәрігері Туманов Қанаттың айтуынша, мұндағы инфекциялық стационар 250 төсек орынға дайындалған. Төсек орындардың барлығына оттегі нүктесімен қамтылып, үш айлық дәрілік қоры дайындалған. Мұнан бөлек 53 жасанды тыныс алу аппараты, КТ, цифрлы рентген сынды инфекцияға шалдыққан науқастарды емдеуге қажетті жабдықтардың барлығы бар. Ал, медицина мамандары науқастарға қажетті кислородты аурухананың жанынан ашылған оттегі цехынан тасымалдайтын болады. Өткен жылғы жағдайды ескере отырып, қала әкімі аурухана бас дәрігеріне ковидке шалдыққан науқастарды қабылдау барысын тағы да пысықтауды тапсырды.

 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қасым-Жомарт Тоқаев мұндай жобаларды жүзеге асыру үшін соған сай қаржылық құрылым қажет екенін еске салды. Президент форум қатысушыларына бірнеше...

– Еліміз үшін бұл – сыртқы саясаттағы ең маңызды мақсаттардың бірі. Ортақ тарихымызға үңілсек, Қытай халқы біздің халқымызға ешқашан ешқандай зиян...