Мемлекет басшысы Камбоджа Премьер-министрін құттықтады

Мемлекет басшысы Камбоджа Премьер-министрін құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Хун Манетке Камбоджа Корольдігінің Ұлттық күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті айтулы мереке Камбоджа халқының бай тарихи-мәдени мұрасын, ұлттық бірлігі мен ынтымағын ұлықтайтынын атап өткен. Сондай-ақ екіжақты ынтымақтастық дәйекті түрде дамып келе жатқанына тоқталған.

– Жуырда Қазақстанға жасаған сапарыңыздың нәтижесін нақты іске асыруға ден қойып отырмыз. Қол жеткізілген уағдаластықтар елдеріміз арасындағы достық байланыстарды одан әрі нығайтуға тың серпін береді деп сенемін, – делінген жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Хун Манеттің жауапты мемлекеттік қызметіне мол табыс, ал Камбоджа халқына құт-береке тіледі.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Астана қаласындағы Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінде «Су ізі: әр адамның жауапты таңдауы» тақырыбында экологиялық сағат өтті. Іс-шараға...

Астана, 2026 жылғы 9 қараша - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі шетелдік дипломатиялық өкілдіктер мен халықаралық ұйымдар басшылары үшін Қазақстан...