Көпқабатты үйлерге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Көпқабатты үйлерге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Шымкент қаласының коммуналдық тұрғын үй қорындағы 10 көпқабатты тұрғын үйге ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Нұрсәт шағынауданы және Желтоқсан көшесі бойындағы көпқабатты тұрғын үйлер кіреді.

Аталған көппәтерлі тұрғын үйлердің басым көпшілігінің шатыры ағымдағы жөндеу жұмыстарын қажет ететіндігі анықталған.

Қазіргі таңда басқарманың теңгерімінде – 127 коммуналдық көппәтерлі тұрғын үй тіркелген. Оның ішінде: 63 – сатып алу құқығымен, 64 – сатып алу құқығынсыз болып белгіленген. Басқарма тарапынан аудан әкімдіктерімен бірлесе отырып, 63 коммуналдық тұрғын үйлерді (сатып алу құқығымен) кондоминиум объектісі ретінде тіркеу және оны басқару нысандарын таңдау үшін әзірленген Жол картасы бойынша жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, үйлерді кондоминум нысаны ретінде тіркеу үшін жер учаскесінің мемлекеттік актісін алу мақсатында жергілікті бюджет есебінен қаражат қаралуда.

Айта кету керек, көппәтерлі тұрғын үйлерді ағымдағы жөндеуден өткізуге – баспаналардың жалпы ортақ мүлкі тозған үйлердің барлығы жатқызылады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Астанада Конституциялық комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында жалпыхалықтық талқылау нәтижесінде түскен ұсыныстар, сондай-ақ жаңа...

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысында Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры Айгүл Сәдуақасова жаңа...

В ходе девятого заседания Комиссии по конституционной реформе директор Института философии, политологии и религиоведения Айгуль Садвакасова...

Ауа-райының нашарлауына, боранға, көктайғаққа, қатты желге және нөлдік көрінуге байланысты ТЖМ құтқарушылары қар құрсауынан 96 адамды, оның ішінде 9...