Мерекеге орай  инвестициялық өндіріс орны іске қосылды

Мерекеге орай  инвестициялық өндіріс орны іске қосылды

Шымкент қаласында Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен Елорда күні мерекесі аясында бірқатар индустриалды және ауыл шаруашылығы жобалары іске қосылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қала әкімі Мұрат Әйтенов онлайн форматта өткен жаңа өндіріс орындарының ашылу рәсіміне қатысты. Қала басшысы шаһардың экономикалық әлеуетін арттыруға қосып отырған үлестері үшін кәсіпкерлерге ризашылығын білдіре отырып, жаңа кәсіпорындардың еңбек ұжымдарына табыстар тіледі.

Іске асқан жобалар ел Тәуелсіздігін нығайтуға үлес қосып, Шымкент қаласының Елордаға жасаған мерекелік тартуы саналады.

Жаңа өндіріс желілерін іске қосуға 6,2 млрд. теңге инвестиция тартылды. Кәсіпорындарда 344 жаңа жұмыс орындары ашылып отыр.

Іске қосылған кәсіпорындардың ішінде 6 жоба индустриалды өндіріс орындары болып табылады. Олардың ішінде металл және темір бұйымдары, корпустық жиһаз, автомобиль шынылары, халық тұтынатын тауарлар, жеңіл өнеркәсіп жобалары іске асты.

Ауыл шаруашылығы саласында 5 жоба жұмысын бастады. Аграрлық салада жылыжай шаруашылығы іске қосылса, мал шаруашылығында ірімшік және сүт өнімдері, минералды су цехтары, тауарлы сүт фермасы, мал шаруашылығы жобалары жүзеге асты.

Айта кету керек, қазіргі кезде Шымкент қаласының өнеркәсіп саласында 700-ден астам кәсіпорын белсенді түрде қызмет атқарады.

Өнеркәсіп саласының үлесі жалпы өңірлік өнім көлемінің төрттен бірін құрайды. Былтырғы жылдың қорытындысымен қаланың өнеркәсіп саласында 654,2 млрд. теңгенің өнімі өндірілген.

Тәуелсіздік жылдары ішінде Шымкент қаласының экономикасына 2,5 трлн. теңгенің инвестициясы тартылса, шет елдік инвесторлардың қатысуымен 2,3 млрд. АҚШ долларын құрайтын 17 жоба жүзеге асты.

 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында жасанды интеллект негізінде мемлекеттік...

ҰСБ алдын ала дерегіне қарағанда, 2026 жылғы қаңтар-шілдедегі ЖІӨ-нің өсуі 4,1%. Бұл бірінші жартыжылдықтағы көрсеткіш деңгейінде. Мұнай өндірудің...

ҚР Премьер‑министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен 124 теміржол вокзалын жаңғырту және реконструкциялау мәселелері бойынша кеңес өтті,...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев танымал спортшы Шавкат Рахмоновтың әкесі Бақтыбай Алпамысовтың дүниеден өтуіне байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл...