Шымкент – 50% вакцинацияланған алғашқы қала

Шымкент қаласында пандемияға байланысты құрылған жедел штабтың кезекті отырысы өтті. Жиында ковидке қарсы іс-қимылдың нәтижелері мен вакциналау мәселелері талқыланды, деп хабарлады «Ontustik TV» арнасы.

Шымкент қаласы эпидемиологиялық жағдай бойынша «қызыл аймаққа» өтті. Үш күн бойына қалада ковид инфекциясын жұқтырған азаматтардың саны 100-ден жоғары болып отыр. Осыны негізге алған қала әкімі Мұрат Әйтенов карантиндік шектеулердің орындалуын қатаң бақылауды тапсырды. Сонымен қатар, екпе салдыру мәселесінде тұрғындар арасында кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізуді сала мамандарына міндеттеді.

Қазіргі таңда қалада 45 бекетте вакциналау жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтқан денсаулық сақтау басқарма басшысының орынбасары А. Бекбауова коронавирусқа қарсы вакцина салғандардың саны 50 пайыздан асқанын мәлім етті.«Қалада 536000 адам инфекцияға қарсы екпе салдыру қажет болса,бүгінгі таңда бірінші компонентпен 267 595 адам егілді. Бұл вакцинация жоспарының 50% құрайды. Осы көрсеткіш бойынша Шымкент қаласы Қазақстанның басқа өңірлерінің көшбасшысы болып табылады»,-деді А.Бекбауова.Вакцина салу бойынша Шымкент «жасыл аймақта». 1 шілдеге 3500 адамға екпе егу жоспарланып, нәтижесінде 4373 адамға вакцина салынған.Бүгінде қала әкімдігі жанынан ашылған call-center тәулік бойы жұмыс істеуде. Қаладағы бизнес субьектілері үшін «Ashyq» жобасы іске енгізілді. ASHYQ жобасына қосылған бинес субьектілері саны – 676. Берілген өтініштер – 1182. Бүгінге дейін 139 «сары», 56 «қызыл» статус анықталған.Сондай-ақ, жиында мемлекеттік бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес, тиісті салаларда жұмысқа рұқсат беруді шектеу бойынша жауапты мемлекеттік органдар тарапынан бақылауды күшейту, халықты вакцинациялаумен неғұрлым кеңінен қамту үшін мотивациялық факторды күшейту бойынша бірқатар ұсыныстар айтылды.

Watch the video

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Алынған мәліметтерге сәйкес, референдумға қатысуға құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны 12 миллион 482 мың 613 адамды құрады, деп...

Біздің еліміз Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен сенімді түрде дамудың жаңа кезеңіне қадам басты, деп хабарлайды No-comment.kz - ...

«Қазмедиа орталығының» студиясында экзит-полл нәтижелері таныстырылғаннан кейін Мемлекет басшысы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды No-comment.kz - ...

Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен баспасөз конференциясында Игорь Петришенко ТМД миссиясы Қазақстанда 19-рет бақылау...

Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен баспасөз конференциясында ТМД Парламентаралық ассамблеясының байқаушылары өз пікірлерін білдірді, деп...