ШЫМКЕНТ: теміржол вокзалында ashyq жобасы іске қосылды

ШЫМКЕНТ: теміржол вокзалында ashyq жобасы іске қосылды

2021 жылғы 1 шілдеден бастап Ashyq жобасы Шымкент, Ақтөбе, Атырау, Бейнеу, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Орал, Павлодар, Семей, Тараз, Түркістан және Шу вокзалдарында енгізілді.

Енді станцияға кіре берісте жолаушы Ashyq қосымшасы арқылы өзінің «жасыл» немесе «көк» мәртебесін растауы керек. Мұны смартфонда Kaspi.kz, Homebank, Aitu арқылы немесе вокзал қызметкеріне өзінің ЖСН көрсетуі қажет. Шетелдіктер станциядағы мәртебесін төлқұжат нөмірі бойынша тексере алады, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

18 жасқа дейінгі балаларға тексеруден өтудің қажеті жоқ. Вокзалға «қызыл» және «сары» мәртебесі бар адамдар жіберілмейді. Өз мәртебеңізді алдын ала www.ashyq.kz сайтындағы бейтарап QR коды арқылы тексеруге де болады.

Бұған дейін маусым айында жоба Нұр-Сұлтан, Алматы-1, Алматы-2, Қарағанды және Өскемен қалаларындағы вокзалдарда іске қосылған болатын.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында жасанды интеллект негізінде мемлекеттік...

ҰСБ алдын ала дерегіне қарағанда, 2026 жылғы қаңтар-шілдедегі ЖІӨ-нің өсуі 4,1%. Бұл бірінші жартыжылдықтағы көрсеткіш деңгейінде. Мұнай өндірудің...

ҚР Премьер‑министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен 124 теміржол вокзалын жаңғырту және реконструкциялау мәселелері бойынша кеңес өтті,...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев танымал спортшы Шавкат Рахмоновтың әкесі Бақтыбай Алпамысовтың дүниеден өтуіне байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл...