Әлеуметтік тауарлардың бағасы тұрақталып келеді

Әлеуметтік тауарлардың бағасы тұрақталып келеді

ҚР Парламенті Мәжіліснің депутаты, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі Берік Айдарбекұлы Бекжанов пен қалалық мәслихаттың депутаты, фракция мүшесі Жадыра Нағашыбайқызы Таңатарова бүгін Қаратау ауданының Асар-2 шағын ауданындағы «Құтты мекен» партиялық жобасы аясында жүргізіліп жатқан инфрақұрылымдық жүйелердің құрылыс алаңында болып, ондағы жағдаймен танысып, жұмыс барысын бағамдап көрді, деп хабарлайды  Nur Otan партиясының Шымкент қалалық филиалына  сілтеме жасаған No-comment.kz

Асар-2 шағынауданында 2765 тұрғын үй бар. 12 мыңға тарта тұрғында ауыз сумен қамту үшін мердігер «Сарыағаш-Аман» ЖШС 156,1 шақырым су жүйесін тарту керек. Қазір жұмыс 70 пайызға орындалды. Қазан айында жұмыс аяқталып, тұрғындар орталықтандырылған ауыз су тұтына бастайды. Қаржы уақытылы бөлініп жатыр.

Сапалы электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін мұнда барлық жұмыс жүргізіліп біткен. Енді жақын күндері Бозарық қосалқы стансасы пайдалануға берілсе, алдымен электр қуаты осы Асар-2 шағынауданына беріледі. Ал көгілдір отынды осы жылдың соңына қарай тұтынатын болады. Қазір 50 шақырымнан асатын газ жүйелерінің 70 пайызға жақын жұмыстары аяқталды. Мердігер компания құрылысты уақытылы бітіремін деп отыр. Ал 40 шақырым болатын кәріз жүйесі келесі жылы пайдалануға беріледі. Бұл өтпелі құрылыс нысаны.

Асар-2 шағынауданының тұрғыны Руслан Кенжеев кейбір үйлердің жобалау кезінде қалып кеткені, енді олардың жағдайы қалай болатынын сұраған. Тиісті басқарма өкілі ондай мәселенің бар екені, жақында жобалау жұмыстарына, сосын құрылысқа қаржы бөлініп, тұрғындар барлық инфрақұрылымдық жүйеге қосылатынын айтты.

Мәжіліс депутаты Берік Айдарбекұлы құрылыс жұмыстарының сапасына және мерзімінде пайдалануға беруді қадап айтты. Өйткені бұл құрылыс

«Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының 2021 – 2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасына енген. Сол себепті қадағалауды бір сәт те босаңсытуға болмайды, деді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында жасанды интеллект негізінде мемлекеттік...

ҰСБ алдын ала дерегіне қарағанда, 2026 жылғы қаңтар-шілдедегі ЖІӨ-нің өсуі 4,1%. Бұл бірінші жартыжылдықтағы көрсеткіш деңгейінде. Мұнай өндірудің...

ҚР Премьер‑министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен 124 теміржол вокзалын жаңғырту және реконструкциялау мәселелері бойынша кеңес өтті,...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев танымал спортшы Шавкат Рахмоновтың әкесі Бақтыбай Алпамысовтың дүниеден өтуіне байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл...