Өскемен арматуралық зауыты КҚК қажеттіліктері үшін жабдықтар шығарады: тиісті келісімге қол қойылды

Өскемен арматуралық зауыты КҚК қажеттіліктері үшін жабдықтар шығарады: тиісті келісімге қол қойылды

Үкімет үйінде Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың қатысуымен «Өскемен арматура зауыты» АҚ («ӨАЗ» АҚ) мен «Каспий Құбыр Консорциумы-Қ» АҚ («КҚК-Қ» АҚ) арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қою рәсімі өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

Өнеркәсіптік жабдықтың импортын алмастыру жөніндегі құжатқа «ӨАЗ» АҚ бас директоры Александр Будрис және Каспий құбыр консорциумының бас директоры Николай Горбань қол қойды.

Ынтымақтастық бекіткіш арматураның, сорғы агрегаттарының және электр қозғалтқыштарының жергілікті өндірісін дамытуға, магистралды мұнай құбыры нысандарында отандық жабдық қолдануды кеңейтуге, сондай-ақ құбыр арматурасының қазақстандық ірі өндірушісі мен мұнай тасымалдау инфрақұрылымындағы негізгі операторларының бірі арасында орнықты кооперацияны қалыптастыруға бағытталған.

Келісім шеңберінде тараптар «КҚК-Қ» АҚ-ны Қазақстаннан шыққан жоғары технологиялық материалдармен, жинақтаушы бөлшектермен және жабдықтармен қамтамасыз етуге, жабдыққа техникалық қызмет көрсетуді, жабдықты жаңғырту және сынақтан өткізуге, сондай-ақ инновациялық технологиялық шешімдерді бірлесіп әзірлеуге әрі енгізуге ниетті.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мемлекет басшысының атынан шахматшы Бибісара Асаубаеваға мемлекеттік награда табыстады, деп...

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Астанада мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен облыс және қала әкімдерін біріктірген...

Президент түрікмен халқының Ұлттық көшбасшысын туған күнімен құттықтап, оның бауырлас Түрікменстанның игілігі үшін атқарып жатқан жауапты...

Қазақстанның регби-7 ұлттық құрамасының капитаны Магомедрасул Магомедов отандық спорт тарихына тағы бір жарқын жетістік жазды. Ол 28 маусымда...