Президенттер Иран архивінен табылған қазақ тарихына қатысты көне қолжазбалар көрмесін тамашалады

Президенттер Иран архивінен табылған қазақ тарихына қатысты көне қолжазбалар көрмесін тамашалады

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Масуд Пезешкианның назарына Иран Ислам Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мұрағатынан алынған 27 қолжазбаның көшірмесі ұсынылды, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

XVIII-XIX ғасырларда қазақ даласында болған қоғамдық-саяси оқиғаларға қатысты құнды деректерді қамтитын жәдігерлер алғаш рет көрсетіліп отыр.

Бұл құжаттар Қазақстан мен Иранның терең тарихи байланысын дәлелдей түседі.

Мемлекет басшысы қазақ тарихына қатысты деректермен бөліскені үшін Масуд Пезешкианға алғыс айтты.

– Бұл – өте құнды сыйлық. Біз міндетті түрде қазақ қауымына бұл көрмені көрсетеміз, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы кеңінен дәріптейміз. Бұрын білмеген тарихи деректер бар екен. Қазақ халқына пайдалы болады деп ойлаймын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Астана қаласындағы Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінде «Су ізі: әр адамның жауапты таңдауы» тақырыбында экологиялық сағат өтті. Іс-шараға...

Астана, 2026 жылғы 9 қараша - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі шетелдік дипломатиялық өкілдіктер мен халықаралық ұйымдар басшылары үшін Қазақстан...