Мемлекет басшысы Sumitomo компаниясының президенті Шинго Уэноны қабылдады

Мемлекет басшысы Sumitomo компаниясының президенті Шинго Уэноны қабылдады

Жапония, Токио қаласы

Қасым-Жомарт Тоқаев Токиода Жапонияның ірі және ықпалды сауда-инвестициялық корпорациясының бірі саналатын Sumitomo жетекшісімен кездесті, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті еліміз Sumitomo корпорациясының орнықты даму мен бизнестің жауапкершілігін арттыруға бейілдігін жоғары бағалайтынын, сондай-ақ компанияны ұзақ мерзімді серіктес ретінде қарастыратынын атап өтті.

Шинго Уэно Мемлекет басшысына «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясымен бірлескен жобаны іске асыру жайында мәлімет берді. Аталған жоба ядролық медицина саласында уран өнімдерінен ем-шараға қолдануға арналған радий изотоптар алудың ғылыми-негіздемелік әдістерін әзірлеуді қарастырады.

Кездесуде көлік-логистика, энергетика, атом өнеркәсібі, металлургия және геологиялық барлау салаларында бірлескен инвестициялық бастамаларды жүзеге асыру перспективасы талқыланды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Клиентпен жұмыс барысында туындайтын мәселелердің бір бөлігі өнім немесе қызмет сапасына емес, тапсырыстың бастапқы талаптарының дұрыс түсінілмеуіне байланысты болуы мүмкін....

Ұлттық әскери-патриоттық орталықта Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастамасымен Қарулы күштердің...