Қазақстан ДСҰ алдындағы сауда рәсімдерін жеңілдету міндеттемелерін толық орындады

Қазақстан ДСҰ алдындағы сауда рәсімдерін жеңілдету міндеттемелерін толық орындады

Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Сауда рәсімдерін жеңілдету жөніндегі ұлттық комитеттің отырысында айтылды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

2025 жылы Қазақстан сауда рәсімдерін жеңілдету бағытында ауқымды әрі жүйелі жұмыс жүргізді. Атап айтқанда, Дүниежүзілік сауда ұйымының Сауда рәсімдерін жеңілдету туралы келісімі аясында өзіне алған барлық халықаралық міндеттемелер толық көлемде орындалды. Бұл – ақпараттың жариялылығы мен оған қолжетімділікті қамтамасыз ету, тауарларды шығару мерзімін қысқарту, кедендік реттеуге халықаралық стандарттарды енгізу, «бір терезе» қағидатын қолдану, сондай-ақ транзит еркіндігін қамтамасыз ету секілді маңызды бағыттарды қамтиды.

Міндеттемелердің 100% орындалуына қарамастан, Қазақстан 2025 жылы да отандық сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін сауда және кедендік рәсімдерді одан әрі оңтайландыру және жеңілдету жұмысын жалғастырды. Бұл бағыттағы негізгі басымдық цифрландыруға берілді. Атап айтқанда, «Keden» кедендік ақпараттық жүйесі енгізіліп, оның функционалы кеңейтілді, транзиттік, пошта, жолаушылар және рұқсат беру рәсімдері толықтай автоматтандырылды. Сонымен қатар «CarGoRuqsat» электрондық кезек жүйесін дамыту жалғастырылып, бұл өткізу пункттерінің өткізу қабілетін арттыруға және шекарадағы күту уақытын едәуір қысқартуға мүмкіндік берді. Өткізу пункттері жаңғыртылып, теміржол транзитіне кедендік бақылау рәсімдері автоматтандырылды, сондай-ақ навигациялық пломбалар енгізілді.

Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың мүдделерін қамтитын шараларды жүйелі түрде жетілдіру Қазақстанның цифрлық және қағазсыз сауда үдерістеріне негізделген заманауи транзиттік хаб ретіндегі позициясын нығайта түсуде.

Отырыс барысында Астана қаласында сауда рәсімдерін жеңілдету жөніндегі екінші ұлттық баяндаманың таныстырылымы сәтті өткені де айтылды. Аталған баяндамада Транскаспий халықаралық көлік бағытына (орта дәліз) ерекше назар аударылып, Қазақстанның цифрлық, инфрақұрылымдық және экологиялық шешімдерді сыртқы сауда жүйесіне интеграциялаудағы өзіндік моделінің қалыптасуы көрсетілді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мемлекет басшысының атынан шахматшы Бибісара Асаубаеваға мемлекеттік награда табыстады, деп...

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Астанада мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен облыс және қала әкімдерін біріктірген...

Президент түрікмен халқының Ұлттық көшбасшысын туған күнімен құттықтап, оның бауырлас Түрікменстанның игілігі үшін атқарып жатқан жауапты...

Қазақстанның регби-7 ұлттық құрамасының капитаны Магомедрасул Магомедов отандық спорт тарихына тағы бір жарқын жетістік жазды. Ол 28 маусымда...