2025 жылы мектептерде 124 стоматологиялық кабинет ашылды

2025 жылы мектептерде 124 стоматологиялық кабинет ашылды
Қазақстанда мектеп жасындағы балаларға профилактикалық стоматологиялық көмектің қолжетімділігін арттыруға бағытталған «Болашаққа сау тіспен» бағдарламасы шеңберінде 124 стоматологиялық кабинет ашылды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

2025 жылы еліміздің 17 өңірінде 124 стоматологиялық кабинет пайдалануға берілді. 2028 жылдың соңына дейін 1000 және одан да көп оқушысы бар мектептерде 987 кабинет ашу жоспарлануда. 

Профилактика кабинеттерінде оқушылар жеке тәсілмен кешенді стоматологиялық көмек алады. Оған мыналар кіреді:

  • стоматологиялық аурулардың ерте диагностикасы;
  • тіс дәрігеріне уақтылы емделуге жолдама;
  • ауыз қуысының гигиенасы ережелеріне үйрету;
  • балалармен, педагогтармен және ата-аналармен санитариялық-ағарту жұмыстары.

Мектепке дейінгі мекемелерде балалар мен олардың ата-аналарында ауыз қуысына күтім жасаудың тұрақты дағдыларын қалыптастыруға бағытталған арнайы гигиеналық бұрыштар құрылады.

2025 жылы БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ Қазақстан) қолдауымен стоматологиялық аурулардың профилактикасы бойынша 2700-ден астам мейіргер оқытудан өтті. 

«Болашаққа сау тіспен» бағдарламасын іске асыру жас кезінен бастап дұрыс гигиеналық әдеттерді қалыптастыруға және стоматологиялық ауруларды ерте анықтауға – тісжегінің таралуы мен оның асқынуларының төмендеуінің негізгі факторына бағытталған және балалардың жалпы денсаулығын сақтауға ықпал етеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мемлекет басшысының атынан шахматшы Бибісара Асаубаеваға мемлекеттік награда табыстады, деп...

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Астанада мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен облыс және қала әкімдерін біріктірген...

Президент түрікмен халқының Ұлттық көшбасшысын туған күнімен құттықтап, оның бауырлас Түрікменстанның игілігі үшін атқарып жатқан жауапты...

Қазақстанның регби-7 ұлттық құрамасының капитаны Магомедрасул Магомедов отандық спорт тарихына тағы бір жарқын жетістік жазды. Ол 28 маусымда...